MEDRESE.KZ Ғибратнама Тігіншінің тәубесі

Бір тігінші Алланың достарының бірінен:
— Пайғамбарымыздың «Алла  тағала күнаһар құлының тәубесін, жаны алқымына келгенге дейін қабыл етеді» деген хадис шәрифі туралы не айтасыз?- деп сұрайды. Ол жауап бермей тұрып одан сұрайды:
— Сенің мамандығың не?
— Тігіншімін, киім тігемін.
— Тігіншілікте ең оңай нәрсе не?
— Қайшымен матаны қырқу.
— Қанша жылдан бері бұл іспен айналысасың?
— Отыз жылдан бері.
— Жаның алқымыңа келген кезде матаны кесе аласың ба?
— Жоқ әрине, кесе алмаймын!
— Біраз қиналып, үйреніп және отыз жыл бойы қиналмай істеген ісіңді сол кезде істей алмасаң, өміріңде еш жасап көрмеген тәубені ол кезде қалай жасамақсың? Бүгін күш-жірегің қолыңда тұрған кезде тәубе ет, кейін ол кезде тәубе ете алмауың мүмкін,- дейді. Тігінші осы сөздерден кейін дереу тәубе етті. Салих құлдардан болды.

Related Post

Пісіп жетілген құрмаларПісіп жетілген құрмалар

Сахабалардан болған хазреті Әбу Дәрда (Алла ол кісіге разы болсын), таң атқанда ерте тұрып мешітке қарай жүгіретін. Намаз оқып болғаннан кейін оқылған Құран кәрімді рахаттанып тыңдап, мешіттен шығарда да ең