MEDRESE.KZ Жаңалықтар Туған жер

Сарыағаш медресе колледжінде белгілі тарихшы, шежіреші, публицист, Әлем Халықтары Жазушылары одағының және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Әлем Халықтары Жазушылары одағының ОҚО бас өкілі Момбек Әбдәкімұлымен студенттермен кездесу болып өтті.

Жазушы ағамыз іс-шара басталмас бұрын колледжіміздің оқу базасымен және кітапханасымен танысып шықты. Сондай-ақ қадірлі қонағымыз Момбек Әбдәкімұлына сөз берілді. Тарихшы ағамыз Сарыағаш қаласының тарихы жайлы және өткен тарихымызды, Тәуелсіздік жолындағы қиын-қыстау уақыттар жайлы сыр шертті. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, жазушы ағамыз барлық сұрақтарға студенттердің көңілін толтыра жауап берді. Жиын соңында колледж кітапханасының қорына өзінің еңбектерінен: «Зобалаң», «Қазығұрт ауданының тарихы», «Түркістан өлкесіндегі ойран» атты туындыларынан 2-3 данадан табыстады.
Колледжіміздің атынан ағамызға Аллаһтың кәләмі «Құрани Кәрім» және Пайғамбарымыздың өмір тарихы » Адамзаттың асыл тәжі» кітаптары табысталып, алғыс хат берілді.

Related Post

Сарыағаш медресе колледжіне Германиядан мейман келдіСарыағаш медресе колледжіне Германиядан мейман келді

Екхарт Хортсман Сарыағаш медресе  колледжіне арнайы ат басын бұрды. Оны еліміздің діни білім беру жүйесі қызықтырады екен. Колледж ұстаздарымен сұхбаттасып, мемлекеттік грант бөлу жағы мен медреседен басқа қандай мамандықты меңгеруге

Шегенің ізіШегенің ізі

Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Бір күні әкесі оған ішішегеге толы бір жәшік беріп: «Достарыңмен әр жанжалдасыпқалған сайын тақтайға бір-бір шегеден қағып отыр» дептабыстапты. Алғашқы күні-ақ баласы тақтайға