С: Қандай сумен дәрет алуға болады?

Ж: Дәрет жаңбыр, еріген қар, теңіз, көл, жылға, бұлақ, құдық суларымен алынады. Тұщы суды да дәрет алуға қолдануға болады. Таза нәрсе араласқан су да дәрет алуға жарайды. Мысалы: топырақ, сабын немесе иісті таза нәрсе араласқан суға дәрет алуға болады.

С: Қандай сумен дәрет алуға болмайды?

Ж: Ағаштан немесе жемістен сығып алынған, табиғи түрінен ажырап исі, дәмі, түсі өзгерген (мысалы: ішімдікке, сірке немесе сорпаға айналған) сулармен дәретте, ғұсылда алу дұрыс емес.

С: Дәрет алу үшін пайдаланған сумен қайта дәрет алуға бола ма?

Ж: Мұндай сулармен дәрет, ғұсыл алынбайды.

С: Сонда қалай? Бұрын қолданылған су таза болмағаны ма?

Ж: Ол су нәжісті кетіру үшін қолданылмаған болса таза саналады. Демек, ол сумен қайта дәрет алынбағанмен, ондай су дәрет немесе ғұсыл алғанда киімге шашыраса, тамшыласа, төгілсе, бір заты оған түсіп кетсе, ол былғанған болып есептелмейді.

Related Post

⚜️Ұстаздар аудандық спорт сайысында үлкен жүлдеге кенелді!⚜️Ұстаздар аудандық спорт сайысында үлкен жүлдеге кенелді!

🔰18-қазан рухани келісім күніне орай Аудандық әкімдік тарапынан спорттық жарыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде Сарыағаш медресе колледжінің ұстаздарынан құрылған команда және команда мүшелері әртүрлі жүлделермен оралды! 🔰Атап айтқанда футболдан және арқан тартудан

БІЗДІҢ ШӘКІРТТЕР ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫБІЗДІҢ ШӘКІРТТЕР ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

Шымкентте панкратион және каратэ спортынан қалалық ашық чемпионат өтті. Шәкірттеріміздің аталған спорт түрлерімен айналыса бастағанына көп бола қойған жоқ. Десе де жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарықтай. Дүбірлі додада панкратион спорт