MEDRESE.KZ Жаңалықтар “Рамазан айының құндылығы” тақырыбында уағыз насихат!

“Рамазан айының құндылығы” тақырыбында уағыз насихат!

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Д.Сманов 29.03.2022 ж колледж шәкірттеріне “Рамазан айының құндылығы” тақырыбында уағыз насихат айтты.Рамазан – исі мұсылман қауымы үшін қасиеті ерекше айлардың бірі. Бұл айда барша мұсылман баласы сауабын тек бір Алладан үміт етіп, ауыз бекітіп, ораза ұстайды. Рамазан айының құндылығы туралы Имам Раббани хазреттері былай деген:Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айларда жасалатын жетпіс парыздай болады. Бұл айда ауыз бекіткен бір адамға ифтар беріп, ауыз аштырған адамның күнәлары кешіріледі. Жаһаннамнан азат болады. Сол ораза тұтқан адамның сауабындай сауап бұған да жазылады. Ораза тұтқан адамның сауабы да мүлдем азаймайды.Бұл айда қол астындағыларға жұмыстарын жеңілдеткен, олардың ғибадат етулеріне жеңілдік жасаған әмірлер, басшылар да кешіріледі. Жаһаннамнан азат болады. Қасиетті Рамазан айында Расулуллаһ тұтқындарды азат ететін, мұқтаждардың барлық сұрағандарын беретін. Бұл айда ғибадат және жақсылық жасай алғандарға бүкіл бір жыл осы амалдарды жасау нәсіп болады. Бұл айға құрметсіздік еткендердің, күнә істегендердің бүкіл жылы күнә істеумен өтеді. (Бұл айды ғанибет, мүмкіндік деп білу керек.) Қолдан келгенше ғибадат ету керек. Аллаһу та’аланың разы болған істерін жасау керек. Бұл айды ахыреттің бақытына қауышу үшін мүмкіншілік деп білу керек.Уағыз барысында медресе колледж шәкірттері “Рамазан айының құндылығы”жайлы өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.Колледж директоры Д.Сманов пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Рамазанның басы рахмет (мейірім), ортасы мағфирет, соңы болса жаһаннамнан құтылу»-рамазан айын құр бекер өткізіп алмау керектігін өз сөзімен аяқтады.

Related Post

ҚАСИЕТТІ ЕРЕЖЕП АЙЫНА АРНАЛҒАНҚАСИЕТТІ ЕРЕЖЕП АЙЫНА АРНАЛҒАН

МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА Ережеп – ең ұлық ай. Өйткені, бұл – Алланың айы. Оған дәлел Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бір хадисінде былай келеді: «Ережеп – Алла Тағаланың айы, Шағбан – менің айым,

«Имам Науауидің таңдаулы 40 хадисін» жатқа оқу бойнша сайыс болып өтті.«Имам Науауидің таңдаулы 40 хадисін» жатқа оқу бойнша сайыс болып өтті.

28.05.2022ж Сарыағаш медресе колледжі студенттерінің ұлдар арасында да «Имам Науауидің таңдаулы 40 хадисін» жатқа оқу бойнша сайыс болып өтті. Сайыс билет түрінде үш сұрақтан беріліп, колледжіміздің арнайы пән оқытушылары Кадиров

 “ Еңбек күніне” орай шәкірттер медресе ауласына тазалық жүргізді. “ Еңбек күніне” орай шәкірттер медресе ауласына тазалық жүргізді.

⚜️Шәкірттер 28-қыркүйек “ Еңбек күніне” орай республикалық сенбілік шарасына қатысып, медресе аумағына тазалық жүргізді. 🔰Акцияның мақсаты- қоғамның тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту сондай-ақ табиғатты аялау, шәкірттерге қоршаған ортаны қорғау және