MEDRESE.KZ Жаңалықтар Кебіндеу

С: Мәйіт қалай және қандай матамен кебінделеді? Кебін матасының көлемі қандай болуы керек?

Ж: Мұның мәселесі төмендегіше:

  1. Еркек кісі сүннет бойынша «изар», «қамис», «лифафа» деп аталатын маталармен кебінделіп, жоқшылықта «изар» және «лифафамен» шектеледі. Қажеттілік туғанда табылған мата  кебін саналады. Себепсіз кебінге арналған матаның көлемін кеміту —  макруһ.
  2. «Изар» — бас- аяғы толық жабатын мата. «Лифафа» — «изар» сияқты. «Қамис» — мойыннан бастап жабатын ұзын көйлек.
  3. Кебіндеу тәртібі: жұпар иісті су бір мәрте себілген кебіннің бірінші лифафасы, үстіне изары жайылады. Кебін су болып қалмауы үшін мәйіт үсті сүртілгеннен кейін, үстіне қамисы кигізіліп изардың үстіне жатқызылады. Шашымен қоса жұпар иісті нәрсе сәжде де жерге тиетін ағзаларға, яғни маңдайына, мұрнына, екі қолының алақанына, тізесіне және аяқтарына жағылып, себіледі. Кебінді орау мәйіттің сол жағынан басталып, бірінші изарға, соңынан лифафаға оралады.
  4. Кебін ашылып кетпеуі үшін, екі жағынан  матаменен  байланады.
  5. Сүннет бойынша әйел адам кебіні «дирғун» (ер адамның кебінінің қамисы), «изар», бас орамал, «лифафа» және кеуде жапқыш матадан тұрады. Жеткілікті мөлшерде мата табылмаса «изар», « лифафа» және бас орамалмен шектеледі. Мұны да таба алмаса жәй таза матамен орап кебінделеді. Матаның көлемін себепсіз қысқарту макруһ.
  6. Кеудені жауып тұратын алжапқышы көкірегінен санына дейін түсуі керек.
  7. Орамалдың көлемі үш «зира» (1 зира – 66 см).
  8. Әйелдерді кебіндеу тәртібі: дайын тұрған кебінге жұпар иісті иіс май бір мәрте себіледі. Бірінші лифафа, үстінен изар төселіп, мәйітке «дирғун»  (қамис) кигізіліп изарға жатқызылады. Ұзын шашы екіге айыра өріліп  «дирғун» көйлегі үстіне қойылады. Оның үстінен орамал жабылады. Ал кеудені жауып тұратын алжапқыш мата «дирғун» көйлектің үстінен байланады. Бірінші «изар», одан кейін лифафаға орап, кебін ашылып кетпес үшін екі басынан байлайды.

С: Мәйіттің шашы тарала ма?

Ж: Жоқ, шаш пен сақал таралмайды, тырнақтары алынбайды, үстіндегі түктері қырылмайды.

Related Post

Сарыағаш ауданында азаншылар жарысы өттіСарыағаш ауданында азаншылар жарысы өтті

Сарыағаш қаласы «Қапланбек» мешітінде азаншылар арасында жарыс өтті. Жарысқа 15 -тен астам азаншы қатысты. Жарыс барысында азаншының дауыс ырғағына, мəн берілді. Азан туралы сұрақтар қойылды. Сарыағаш медресе колледжінің 3- курс