MEDRESE.KZ Жаңалықтар Жаназа намазы

С: Мәйтке жаназа намаз қалай оқылады?

Ж: Мәйтке жаназа оқитын имам мәйттің кеуде тұсында тұрады. Ал соңындағы жамағатты имам үш сапқа бөліп тұрғызуы абзал. Бірінші ниетпен тәкбир айтылып, «субханәка» дұғасын, соңынан имам екінші рет тәкбир айтып, соңынан «салауат»  оқиды. Кейін  үшінші такбир айтылады, соңынан мәйтке, дүние салған және тірі жүрген мұсылмандарға дұға оқылады. Ол дұға: «Аллаһум – мағфир лихайинәә, уа майитинәә, уа шаахидинәә, уа ғааибинәә, уа кабийринәә, уа сағийринәә, уа зәкаринәә, уа үнсәә – нәә. Аллаһумма  мән ахяйтәһу миннәә фа – әхийһи ъаләл – исләәм, уа мән тауаффайтәһу миннәә фатуффаһу ъаләл имәән. Аллаһумма ин кәәнә (т) мухсинән (ат) фа – зид фий ихсәә – ни – һи (һа), уа ин кәәнә (т) мұсийнән (ат) фа – тажаууаз ъан – һу (һа)»  (дұғадағы жақша ішіндегі сөздер әйел текті мәйтке қосылып жазылатын есімдіктер), кейін төртінші тәкбир айтылып, соңынан екі жаққа сәлем берілумен намаз аяқталады.

С: Балиғат жасына жетпеген жасөспірімнің жаназа намазында қандай дұға оқылады?

Ж: «Аллаһумма ижъәл – һу (һа) ләнәә фратән, уа зүһран. Аллаһумма ижъал – һу (һа) шәәфиъ – ән (атән) уа мұшаффиъ – ән (атән)»  деген дұғаны оқиды.

С: Жаназа намаз тәкбирлерінде қолды көтере ме?

Ж: Жоқ, қол тек бірінші тәкбирде ғана көтеріледі.

С: Жаназа намазға  «жамағаттың» қатысуы шарт па?

Ж: шарт емес. Бұл намазды қиын кезеңде бір кісі немесе бір әйел оқыса да парыз кифая өтеледі.

С: Жаназа намазында не нәрселер шарт және парыз болып саналады?

Ж: Оның шарттары мынадай: Намаз оқушының тұрған жайы мен киімі таза, үлкен және кіші дәретті, жамағат алдындағы мәйіт пәк жуылған болуы керек. Парызы екеу: бірі қиям (яғни тік тұрып оқу) және төрт тәкбир. Бұлардан басқа амалдары сүннет саналады.

С: Бес уақыт намаз оқитын мешітте жаназа намаз оқуға бола ма?

Ж: Мешіт ішінде жаназа намаз оқу – макруһ. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у) жаназаны мешіттің сыртында оқытатын.

С: Жаназаны кімніңі оқығаны абзал?

Ж: Мүмкін болса елбасы, болмаса дінбасы, имам, бұл лауазымдағы адамдар табылмаса мәйіт уәлиі (мәйіттің жақыны)  имамдыққа өтеді.

С: Мәйітке жаназа уәлиінсіз немесе елбасынсыз оқылса, уәлиге намазды қайта оқуды талап етуі дұрыс па?

Ж: Иә, дұрыс.

С: Уәли намазға қатысса, басқа біреудің жаназаны қайта оқуды талап етуіне бола ма?

Ж: Уәли қатысып оқыған намазды қайта оқытуға болмайды.

С: Жаназа оқылмай жерленген мәйіттің үкімі қалай?

Ж: Үш күнге дейін қабірінің басына барып оқуы керек, одан әрі кешіктіруге болмиайды.

Related Post

СПОРТ -КҮШ, СПОРТ-ӨМІР!СПОРТ -КҮШ, СПОРТ-ӨМІР!

7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай “ Спорт күш, спорт өмір” атты облыс көлемінде көктемгі таңғы жаттығу марафоны өткізілді. Облыстық марафонға Сарыағаш медресе колледжінің студенттері белсене қатысты. Салауатты өмір салтын

Ислам ұстындары және ахлақ негіздеріИслам ұстындары және ахлақ негіздері

         Расында Исламның Елшісі өзінің жіберуілуінің алғашқы мақсатын, шақыруындағы жоспарын өзінің: «Бәлкім ұлы мінез – құлықтарды толық қылу үшін жіберілдім» (Малик риуаят еткен) деген сөзімен шекаралап берді. Әлем