MEDRESE.KZ Жаңалықтар Испания телеарнасындағы оқиға

Испания телеарнасындағы оқиға

Испания теле арналарының бірінде тікелей эфирде «Ислам бізге не береді», деген тақырыпта христиан әйел мен Исламды қорғаушы еркек (бір қызығы бұл ер азамат мұсылман емес) араларында тартыс болады.

Христиан әйел Ислам дінін жауыздық діні деп жамандап және оны дәлелдеуге тырысады. Қорғаушы азамат оны бұл ойынан қайтаруға тырысып бақты. Кенеттен «Иә, мен енді түсіне бастадым, Ислам зорлық зомбылық көрсетуші дін. Міне менде құран бар (ол үстел астынан үлкен ашық тұрған кітапты алды), осы кітаптан бірнеше аяттар оқып беремін, дед және оқи бастады. «Бұл халықта не болса бәрін қырып таста: жан ашырлық жасама, күйеуінен әйелінешейін, жасөспірімнен емізулі балаға дейін өлтір».

Студияда отырғандар : «Неткен сұмдық» деп айқайлап жіберді.

Христиан әйел: «Неткен жауыздық! Міне менің айтып отырғаным осы ғой! »

Ислам дінін қорғаушы азамат (Кітаптың басқа жерінен оқи бастады): «Бұл халықтарды, Құдай саған берген қалаларда, тірі жан қалдырмай өлтір»

Христиан әйел: «Мынау Квентин Тарантиноғой (еуропалық кино режисёр,жауыздық фильдері жайлы марапатталған)» (Студияда отырғандар еріксіз қол шапалақтап қуаттап жіберді).

Ислам дінін қорғаушы: «Ой кешіресіздер, мен бірнәрсені шатастырып жіберген сияқтымын. Ееееее мынау Інжіл ғой!» (Ол кітапты жауып қойды. Кітап мұқабасында : «Библия» (Інжіл) – деп жазылған еді).

Студиядағылар тынышталып қалды. Христиан әйелдің көздері шарасынан шығып кетердей болып тіліне сөз түспей қалды.

Related Post

Мұсылмандардың ең жақсысы болайық!Мұсылмандардың ең жақсысы болайық!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын Алла тағалаға таусылмайтын мадақ-мақтаулар болсын. Пайғамбарымызға мейілінше, кәміл салауаттар болсын. Әбу Һурайрадан (Алла одан разы болсын) риуаят етіледі: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен

«Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы және Астана қаласының өкілі тағайындалды«Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы және Астана қаласының өкілі тағайындалды

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының қатысуымен жалпы жиналыс болып өтті. Апта басындағы алқалы жиында Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы өзінің жаңа