MEDRESE.KZ Мақалалар,Мақалалар ИМАМ ҒАЗАЛИДЫҢ КӘЛАМ ІЛІМІНДЕГІ ОРНЫ

ИМАМ ҒАЗАЛИДЫҢ КӘЛАМ ІЛІМІНДЕГІ ОРНЫ

Хайридинов Зухридин Зайнидинович

Сарыағаш медресе колледжі ұстазы

zukhridin96@mail.ru

Хижри жыл санауы бойынша 450-505 жылдар арасында өмір сүрген, сол 55 жасын имандылыққа арнаған Әбу Хамид Мұхаммад Ал-Ғазали Ат-Туси Ан-Найсабури ислам әлемінде «Хужжатул Ислам» (Исламның құжаты) секілді ұлы дәрежеге ие болумен қатар, бүкіл әлемдегі мұсылман болмаған орталарда да танымал болы. Ол кісінің ислам ілімдеріндегі орны өте ерекше, оған көп дәлел бар. Ең бірінші дәлеліміз ол кісінің лақабтары, ең мәшһүрі атап өткеніміздей «Хужжатул Ислам» (Исламның құжаты) болса, ол кісінің мынадай басқада лақабтары бар еді: «Зайнуддин» (Діннің көркі), «Махажжатуд Дин» (Діннің орталығы), «Ал-Алим Ал-Аухад» (Теңі жоқ ғалым), «Муфти ал-умма» (Үммет мүфтиі), «Баракатул Анам» (Тіршіліктің берекеті), «Имаму аимматид дин» (Дін имамдарының имамы), «Шарафул аимма» (Имамдардың абыройы). Ал екінші айғағымыз ол кісінің жазған еңбектері. Ол кісі ислам ілімінің әр саласында өз еңбегін жаза білген кісі. Әрі Имам Ғазалидін кітаптарын үммет қабыл алып, бүгінгі күнге дейін баспаханалар сол кітаптарды басып шығарудан тоқтамаған. Ол кісінің ең танымал еңбегі «Ихя Улум Ад-Дин» (Дін ілімдерінің жандануы), ол кітаптың бір томы қәзірде қазақ тіліне аударылған. Бұл кітапты тек қазақ тілінде емес, дүниенің жүздеген тілдерінен аудармасын оқуға болады.

Біздің қозғап отырған тақырыбымыз Имам Ғазалидың кәлам іліміндегі орны болғандықтан, ол кісінің осы салада жазылған еңбектерін тізіп шықсақ: «Ал-иқтсад фил-итиқад», «буғятил-мурид фи масаил-тәуһид», «илжамул-ауам ан илмил-калам», «шарх асмауллахи ал-хусна», «мағариф ал-ақлия уа лубабул-хикмати ал-илаһия», «ал-қанун ал-кулли фи тәуһид», «файсал ат-тафриқа байнал Ислам уал зандақа», «фадаих батиния», «хужжатул-алхақ фил радди алал батиния», «қауасим ал-батиния», «мақасид ал-фаласифа», «таһафат ал-фаласифа», «миярил илм фи фаннил мантық», «ал-мунқиз минад далал» (қазақ тіліне аударылған), «мийзан ал-амал»…

Осы жердегі аталған еңбектерге көз салып, ішіне үнілсек, Имам Ғазалидың кәлам ілімі жайлы қандай ойда болғанын көре аламыз. Осы еңбектердін ішінде бүгінгі мақалаға ең маңыз беретін еңбегі «илжам ал-ауам ан илмил-кәлам» еңбегі, бұл еңбекті Ғаззали «Ихя Улум Ад-Дин» еңбегінен кейін жазған ең соңғы еңбектерінен. Сондықтан бұл кітапта біздің іздеген сұрақтарға жауап беретін, Имамның кәлам іліміндегі орнын білдіретін мағлұматтар бар. Еңбек ол кісінің кәлам іліміндегі негізгі ұстанымы әрі ол кісінің кәлам іліміне деген пікірі баяндалған.

Имам Ғазали кәлам ілімінде өз ұстанымына ие болған, нағыз дәлел-дәйектер арқылы ғана біраз ақидалық кезеңді бастан өткізген ғалым. Бүгінгі күнімізде біраз зерттеушілер Имам Ғазалидың ақида саласындағы орнын өте төмен көрсетіп, ол кісіге жасалмауы тиіс амалды жасап келеді. Олардың жіберген бұл қателіктері Имамның осы саладағы жазған еңбектерін зерттемей баға беруден туындаған. Имам Ғазалидың ақида саласында жазған еңбектерін оқып, ол кісінің ақиданың жалпы және тармақты мәселелерінде мүлдем әһлу сунна уал жамағаттың пікірінен шетке шықпағаны анық көре аламыз. Ол кісі кәлам ілімі тұра дәрі секілді, оны тек ауырған науқастарға беру керек, ал Құран ол ауруға әрі сау адамға берілетін қуат деп есептеген. Осы мысалды Имам Ғазали өзінің көптеген кітабының кіріспесі мен қорытындысында сызып өткен. Міне осы сөзінен Имамның кәлам ілімі жайлы пікірі анықталады. Ол кісінің осы сөзді көп қайталаған болса, Имамның арада уақыт өткізіп, жекешеленгенінен кейін де осы ойда болғанын білдіреді. Өйткені ол сөзді «ал-иқтисад фил итимад» еңбегінде айтып еді, ол еңбек ғалымның оңашаланудан алдын жазған еңбегі, ал «илжам ал-ауам ан илмил-кәлам» еңбегі болса, ғалымның онашаланудан кейін, өмірінің соңына қарай жазған еңбегі, ол кісі сол сөзді бұл еңбегінде де келтіреді. Имамның бұл ұстанымды сезім арқылы емес, кәлам ілімі жайлы ұстанымы нақты ілімге негізделіп құрылған.

Имам Ғаззалидың кәлам ілімі жайлы айтқан сөздерін атап өтсек: Имам Ғазали айтады: «Дін іліміндегі бәрін қамтушы, күлли ілім ол — кәлам ілімі, ал қалған фиқһ, усул хадис, тәпсір ілімдері тармақтық ілімдер. Өйткені тәпсірші кісі тек кітаптың мағынасын зерттейді, ал хадисшы хадистын жеткен жерін зерттейді. Ал кәлам ілімінің ғалымы барын қамтушы затты зерттейді.

Ол кісі өзінің ақида ілімі жайлы сөз айтқанда, оны ғылымның бастауы, дін ілімінің негізі, күлли ілім деп дәріптеген.

Соншама кәлам ілімінде еңбек жазып, еңбегінде әһлу сунна уал жамағадан бір сәт ажырамаған кісіні қалайша кәлам ілімінде орны ерекше деп айтпасқа. Ол кісіні кәлам іліміне қарсы деген кісілер ол кісінің жоғарыда келтірген сөздерін дұрыс түсінбегендіктен.

Алла дұрысын білушы.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Ал-иқтсад фил-итиқад» Имам Ғазали

2. «Илжамул-ауам ан илмил-калам» Имам Ғазали

3. «Ихя Улум Ад-Дин» Имам Ғаззали

4. «Мауқиф Ал-Ғаззали фи илмил кәлам» Сағид Фуда

5. «Ал-мунқиз минад далал» Имам Ғазали

6. «Бидаятул хидая» Имам Ғазали

7. «Назарат фи фикри Ғазали»

Related Post

МӘШҺҮР-ЖҮСІП КӨПЕЕВТІҢ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ ДІНИ ДҮНИЕТАНЫММӘШҺҮР-ЖҮСІП КӨПЕЕВТІҢ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ ДІНИ ДҮНИЕТАНЫМ

Қазақ әдебиетінің өткеніне ретроспективті көзқарас бүгінгі жаулап алулардың биіктігінен адам мен шындықты бейнелеудегі ауызша өнердің алға жылжып келе жатқанын және әр дәуір үшін өзіндік көркемдік критерийлері бар екенін растайды. Сондықтан,

Шын мәнінде мүміндер бір-біріне досШын мәнінде мүміндер бір-біріне дос

Ислам діні – ұлтына, нәсіліне, түр-түсіне қарамай күллі адамзат баласын бауырына басатын дін. Сол себепті ислам дінін қабылдаған әрбір мұсылман ұлты мен нәсіліне қарамай бір-біріне бауыр саналады. Қан бауырластығы секілді

Ғаламның Жаратушысының жалғыз дара екеніне сокральды мәтіндерден дәлелдерҒаламның Жаратушысының жалғыз дара екеніне сокральды мәтіндерден дәлелдер

Автор: Джанабаева Арайлым Абдрахмановна Аннотация:  Мақалада имам Абу Мансур әл Матуридидің «таухид кітабы» бойынша ғаламды жаратқан Жаратушы жалғыз яғни Дара екенідігін сокральды мәтіндер (нақыли) әрі рационалисттік  (ақыли) тұрғыдан дәлелдейтін боламыз.