MEDRESE.KZ Жаңалықтар Жылқы зекеті

С: Жылқыдан зекет беріле ме?

Ж: Еркек пен ұрғашысы аралас жайлауда бір жыл бойы жайылған шаруа жылқыларынан зекет беріледі. Бұл жылқылардан зекет беретін адам ерікті. Қаласа әр бір ат үшін бір динардан (он дирһам) зекет береді. Қаласа жылқы құнын шығарып, мысалы: әр екі жүз дирһамнан бес дирһамды  зекет ретінде береді. Әбу Ханифа  (р.а) бойынша, жылқының барлығы еркек болса олардан зекет берілмейді.

С: Жылқыдан зекет беруде имамдар арасында қайшылық бар ма?

Ж: Иә, Имам әбу Иусуф (р.а) пен имам Мұхаммед (р.а) Әбу Ханифамен келіспеген. Олардың айтуынша жылқыдан зекет жоқ.

С: Қашыр мен есектен беріле ме?

Ж: Олардан зекет берілмейді. Сауда үшін ұстаса, онда зекет саудадағы мал сияқты парыз.

Related Post

⚜️БАС МҮФТИ ПАЛЕСТИНА ЕЛШІЛІГІНЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ⚜️БАС МҮФТИ ПАЛЕСТИНА ЕЛШІЛІГІНЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ

🔰Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Палестинаның еліміздегі елшілігіне арнайы барып, мұсылман мемлекетіндегі ауыр жағдайға байланысты көңіл айтты. 🔰Бас мүфти Палестинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Монтасер

Мұсылмандардың ең жақсысы болайық!Мұсылмандардың ең жақсысы болайық!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын Алла тағалаға таусылмайтын мадақ-мақтаулар болсын. Пайғамбарымызға мейілінше, кәміл салауаттар болсын. Әбу Һурайрадан (Алла одан разы болсын) риуаят етіледі: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен