Сарыағаш медресе колледжі және Жарты-төбе ауыл әкімшілігімен бірлесіп «Үлкенге құрмет кішіге ізет» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Аталған игі істің аясында медресе колледж шәкірттері ардагерлер және ауыл қарттарының үйіне барып,қолдан келгенше ауланың тазалық жұмыстарына жұмыла атсалысып, қариялардың ақ батасын алды. Сондай-ақ, бір реттік азық-түлікпен қамтамасыз етті. Жастарымызды игі іске тәрбиелейтін осындай ізгі бастамалар көбейе берсін!