«Бала емізуді толық аяқтамақшы болған аналар екі жыл емізу керек. Қағида бойынша (сол мерзімдегі) аналардың жемек-ішпегін, киім кешегін баланың әкесі міндетіне алуға тиісті. Әркім тек қолынан келетін іске ғана міндеттеледі. Баласы үшін ананы да, әкені де зиян тартқызбау керек. (Әке өлсе) Мұрагер де әкемен бірдей (анаға нәпақа беруге, ақысын өтеуге) міндетті. Егер әке мен шеше кеңесу арқылы баланы (екі жыл толмай) емшектен айырмақшы болса,  екеуіне де күнә болмайды. Егер баланы сүт аналарға бермекші болсаңдар, оларға тиісті ақысын берсеңдер сендерге күнә жоқ. Алладан қорқыңдар, Алла сендердің істегендеріңді көріп тұратынын біліп қойыңдар»

 

Құран кәрім,

«Бақара» сүресі, 233-аят.

«Туыстық жағынан некелесу тыйым салынған адамдар емізу жағынан да харам саналады».

Хадис шәріп,

имам Бұхари мен

имам Мүслим риуайаты.

 

 

ЕМІЗУ КІТАБЫ

С: Нәрестені емізу уақыты қанша?

Ж: Имам Әбу Ханифаның (р.а.) ұйғарымы бойынша отыз ай, имам Әбу Юсуф (р.а.) және имам  Мұхаммедтің (р.а.) пікірінше екі жыл.

С: Емізуге тиісті қандай үкімдер бар?

Ж: Емізу уақыты ішінде аз ба көп пе емген бала мен емізген ана, екі жақтың әке-шешелері, бала шағалары, немере – шөберелері  және бір ананың емшегін емген адамдардын некеге отыруына тыйым салынады. Бұл үкім Құран кәрім және хадис шәріппен бекітілген.

С: Егер бір әйел ему уақытынан өткен жас баланы емізсе үкімі не?

Ж: Емізу уақытынан кейін емген балаға тыйым салынған үкімдер жүрмейді.

С:  Емізуге тиісті мәселелерге кеңінен тоқталсаңыз?

Ж: Онда төмендегіше мәселелерге құлақ түр:

  1. Бір ананы емген ұл мен қыз бір-бірімен некелесуі дұрыс емес.
  2. Сүт емген қызды емізген әйелдің баласына некелеуге болмайды.
  3. Бір әйел бір қызды емізсе, сол қыз емізген әйелдің күйеуіне, күйеуінің әкесіне, балаларына харам. Емізген әйелдің  сүті күйеуінен болғандықтан ол емізген қыза әке.
  4. Емген ұл бала емізген әйелдің күйеуінің әпке- қарындасына   үйленуге болмайды.Өйткені ол ему бойынша әке жағынан әпке- қарындасындай болып саналады.
  5. Емізген әйелдің күйеуі емген ұл баланың әйеліне өз келіні сияқты үйленуі дұрыс емес.
  6. Бір ананы емген бөтен екі ұл бала (яғни, олар емізген әйелдің балалары емес) бір-бірінің қарындастарына үйленуге рұқсат етілген.

С: Қандай жағдайларда туыстығы үшін некесі тыйым салынғанмен бір емшекті емгені үшін некелесуге тыйым салынбайды?

Ж: Төмендегі жағдайларда некелену дұрыс саналады.

  1. Бір әйелді өзге отбасынан бір ұл мен бір қыз емсе, бұл екеуі сүттес аға-қарындас саналып, некелесуіне шариғат тыйым салғаны белгілі. Алайда, бұл бала бір емшекті емізген қыздың әпкесіне немесе сіңлісіне үйленуі мүмкін. Ал туыстықта ағасынның әпкесін алуға рұқсат жоқ.
  2. туыстықта тыйым салынғанымен емізген баласын сіңлісіне үйлендіру дұрыс.
  3. Емізген баланы әке жағынан аға-інілер мен әпке-қарындастардың қызына үйлендіруге болады. әлбетте бұл неке де туыстық жағынан дұрыс емес.

С: Ұл немесе қыз баланы емізгенде екі әйелдің сүті араласып кетсе қайсысы ана саналады?

Ж: Имам Әбу Иусуфтың (р.а.) ұйғарымы бойынша, қайсысының сүті көп араласса, сол ана. Имам   Мұхаммеддің (р.а.) пікірінше екеуі де ана саналады.

С: егер қыз баладан сүт келсе, ол бір баланы емізсе, не болады?

Ж: Бұл емізу үкімдеріне қатысты мәселе.

С: Ер кісіден сүт келсе, ол бір баланы емізсе, қалай?

Ж. Үкім жүрмейді.

С: Жас ұл және қыз бала бір қойдың сүтін ішсе, үкімі не?

Ж: Емізу мәселеіне қатысы жоқ.

С: Емізу қалай бекітіледі?

Ж: Емізу екі ер кісі немесе бір ер кісі, екі әйелдің куәлігімен бекітіледі. Тек әйелдердің куәлігі жүрмейді.

С: Әйелдің сүті сумен  араласса, кейін оны жас бала ішсе, ана бола ма?

Ж: Егер  сүті көп болса, ана. Ал, сүттен су басым болса, ана емес.

С: Тамаққа әйел сүті араласса, не болады?

Ж: Имам Ағзам (р.а.) сүт тамақтан  көп болса да айтылған мәселелердің үкімдеріне жатқызбаған. Ал, екі шәкірті (р.а.) тамақ құрамында емшек сүтінің мөлшері басым болса, үкімдерге қатысты болады деген.

С: Ана сүтін дәріге араластырып балаға ішкізудің үкімі не?

Ж: Сүтін ішкізген әйел балаға- ана.

С: Әйелдің сүтін қойдың сүтіне араластырып, жас бала немесе қызға ішкізу қалай?

Ж: Әйелдің сүті басым болса, ана. Қой сүті басым болса, қой ана болмайды.

 

 

 

Related Post

Аллаһ разылығы үшін жасалған амалдарға Алланың берген сыйыАллаһ разылығы үшін жасалған амалдарға Алланың берген сыйы

Умра жасау үшін келген Сауйдиялық 70 жасар әйел ғажайып оқиғаны басынан өткізді. Қарт ана Сафа мен Маруа арасында жүруді бастап, екінші рет барып келгенше әлсізденіп,зорығып қалады.Әлсізденгенін сезген ана, қарттарды алып

Алматыда қыздар арасында І- республикалық Құран жарысы болып өттіАлматыда қыздар арасында І- республикалық Құран жарысы болып өтті

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Нұр-Мүбарак» университетінде Құранды жатқа оқудан қыздар арасында тұңғыш рет республикалық жарыс өтті.

Жастар арасындағы әскери патриоттық клуб мүшелеріЖастар арасындағы әскери патриоттық клуб мүшелері

Жастар арасында патриоттық тәрбиені жандандыру, Отан қорғауға деген сүйіспеншілікті арттыру және кеңінен насихаттау мақсатында облыстағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әскери патриоттық клуб мүшелері арасында «Жас