MEDRESE.KZ Жаңалықтар Дәрет кітабы

Сұрақ: Фиқһ кітаптарының бірінші бөлімінің дәрет үкімдерімен басталуының сыры неде?

Жауап: Себебі дәрет намаз оқу үшін орындалатын басты шарт (Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) хадисінде: «Дәрет- намаздың, намаз – жаннатың кілті»- делінген). Намаз – ислам дініндегі бес парыздың бірі. Сондықтан да дәрет үкімдері намаз үкімдерінің алдында баяндалуы басты заңдылық.

С: Дәрет сөзінің сөздік және шариғи мағынасы қандай?

Ж: Дәреттің сөздік мағынасы тазалану, пәктену. Ал шариғи мағынасы үлкен және кіші дәретсіздіктен арылу және денені киімді, жайнамазды кір – лас заттардан тазарту деген сөз.

С: Үлкен дәрет дегеніміз не?

Ж: Дене мүшелерін толық жууды үлкен дәрет немесе ғұсыл алу дейміз.

С: Кіші дәрет дегеніміз не?

Ж: Намаз оқу үшін дене мүшелерінің кейбірін жууды, кейбіріне масих жасауды (сипауды) кіші дәрет немесе таһарат алу дейді.

С: Кіші дәретте қай ағзаларды жуу және қай ағзаға мәсіх жасау парыз саналады?

Ж: Кіші дәретте төмендегі ағзаларды жуып және масих ету парыз:

  1. Бетті шаш шыққан жерден иектің астына дейін, оң құлақтан сол құлаққа дейін жуу;
  2. Екі қолды шынтағымен қоса жуу;
  3. Екі аяқты тобығымен қоса жуу;

Кіші дәрет осы ағзаларды толық жуумен орындалған болып есептеледі. Егер осы ағзаларда бір түктің орнындай немесе иненің көзіндей жерге су тимей қалса, ол жер жуылмайынша дәрет алынған болып есептелмейді

  1. Басқа масих тарту;

Бастың барлық жерін масих тартып, сипау сүннет, ал төрттен бірін мәсих тарту парыз саналады.

С: Кіші дәретте аяқ тобығымен және қол шынтағымен қоса жуылама?

Ж: Иә, міндетті түрде жуылады.

С: Дәретте үш ағзаның жуылуы мен суланған қолмен басты мәсіх етудің парыздығы немен бекітілген?

Ж: Қасиетті Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Намазға тұрарда беттеріңді, қолдарыңды шынтағымен қоса жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартыңдар (қолды сулап сипаңдар). Және аяқтарыңды да тобығымен қосып жуыңдар» («Мәйда» сүресі, 6- аят),- деп жазылған

С: Бастың төрттен біріне мәсіх тартудың парыздығына не дәлел?

Ж: Оған Әл- Муғира бин Шуғбадан (р.а) риуаят етілген хадис дәлел. Онда: «Пайғамбарымыз (с.ғс) таһарат алып жатып, басының алдыңғы бөлігіне мәсіх тартты»,- делінеді. Ал бастың алдыңғы бөлігі төрттен біріне тура келеді.

Related Post

Сарыағаш медресе колледжінде «Студенттер қатарына қабылдау-2019» мерекелік іс-шарасы өттіСарыағаш медресе колледжінде «Студенттер қатарына қабылдау-2019» мерекелік іс-шарасы өтті

2019 жылғы 26-қыркүйек  күні Сарыағаш медресе колледжінің акт залында 1-курс студенттерін студент қатарына қабылдау рәсімі өтті. Биыл аталмыш оқу орнына 300 талапкер қабылданған болатын. Студент қатарына қабылдау салтанаты қасиетті құран

Республикалық ХІV еркін күрестен П.Ф Матущакты еске алу турнирі болып өттіРеспубликалық ХІV еркін күрестен П.Ф Матущакты еске алу турнирі болып өтті

Қостанайда 15-17 ақпан күндері республикалық ХІV еркін күрестен жастар арасында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы П.Ф Матущакты еске алу турнирі болып өтті. Аталмыш турнирге Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, «Сарыағаш медресе колледжінің»