MEDRESE.KZ Жаңалықтар Истинжа (Екі нәжіс жолын жуу, нәжістен тазалау) үкімі

Истинжа (Екі нәжіс жолын жуу, нәжістен тазалау) үкімі

С: Истинжа  үкімі не?

Ж: Истинжа – сүннет. Истинжа кесек немесе оның орнын баса алатын нәрсемен орындалады. Оны нәжіс шыққан жер тазарғанша қолданады. Истинжа затын тақ етіп қолданған жақсы, алайда санақ уәжіп емес (сүннет те емес). Дегенмен тазаланады. Сондықтан сумен жуу абзал.

С: Не нәрселермен истинжа жасауға болмайды?

Ж. Оң қолмен, сүйекпен, тезекпен, тағаммен, қадірлі нәрселермен истинжа жасалмайды.

С: Әжетханада қалай отырады?

Ж: Ашық жерде немесе арнайы жерде отырғанда  құбылаға артын немесе алдын қаратып отыру макруһ саналады.

С: Қай жерлерге дәрет сындыруға болмайды?

Ж: Суға, су шығатын, су алатын жерге, жемісті ағаш түбіне, адамдар көлеңкелеп отыратын жерге, жолға дәрет сындыруға болмайды. Желге қарсы, тас, тас сияқты қатты нәрсе үстіне және тұрып кіші дәретті сындыру дұрыс емес

Related Post

Бір жас жігітБір жас жігіт

Бір жас жігіт Қағбада «Ей дұрыстардың көмекшісі болған Аллаһым! Ей харамдардан сақтанғандардың көмекшісі болған Аллаһым саған шүкір етемін!» деп қайталай береді. Біреу келіп «неге қайта қайта бір дұғаны қайталай бересің