MEDRESE.KZ Жаңалықтар Дін істері комитеті Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Сарыағаш медресе колледжінде

Дін істері комитеті Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Сарыағаш медресе колледжінде

Бүгін Сарыағаш медресе колледжіне, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Балғабек Мырзаев пен ОҚО өкіл имамы Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы арнайы келді. Қонақтармыз ең алдымен, марқұм ұстазымыз Абсаттар Смановтың бейітінің  басына барып құран оқып, дұға бағыштады.

       Балғабек Әбдіқайымұлы аудиторияларды аралап  студенттермен сұхбаттасты.  Оларға  заман талаптарына сай жан-жақты білім алу керектігін  жеткізді. Тарихтан бірен саран сұрақтар қойып балалардың білімдерін тексеріп өтті.

Колледжіміздің биология пәнінің мұғалимасы, Молдабергенова Нурипа апайға колледжіміздің барлық қабатырмен, сыныптарын гүлдермен көмкергені үшін арнайы алғысын білдірді.

IMG_2140[1]IMG_2153[1]

IMG_2161

Related Post

«Қазнет Дода — 2013» конкурсының жеңімпаздары анықталды«Қазнет Дода — 2013» конкурсының жеңімпаздары анықталды

«Қазнет Дода —  2013» ұлттық интернет байқауы өз мәресіне жетті. Осы бәйгеге  9 номинация бойынша  91 сайт қатысып, біздің сайтымыз діни сайттар арасында 3-ші орынды иеленді.