MEDRESE.KZ Без категории Білім жолы – ұлылыққа жетелейді!

Білім жолы – ұлылыққа жетелейді!

Исахан ұстаз

Шариғат тілінде білім сөзі – бір мәселені жан-жақты, анық-қанығына дейін жіті түсіну деген мағынаны білдіреді. Білім – ақылдылық пен парасаттылықтың белгісі. Ал, білімсіздік мұның қайшы мағынасы. Ақылды адам ой-қабілетімен бірнәрсені түсінуге тырысады. Ал, надан басындағы ақылын, бойындағы қабілетін дұрыс қолдана алмайды. Сондықтан, білімді адам – жарық шам секілді. Білімсіз надан – қараңғы түн сияқты.

Ислам – білім алуды парыз деп санайтын дін. Дініміздің осы тұсы исламның хақ екенін дәлелдей түссе керек. Өйткені, дүниеде білім мен ғылымды парыз санайтын исламнан басқа дін жоқ. Демек, білімді тек Ислам діні ғана қажет санап, барша мұсылмандарды ілім алуға үндейді. Пағамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріпінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз, – делінсе, тағы бір хадисінде: «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен», – деп насихат айтылған.

Related Post

Тәуелсіздік біз үшін бәрінен қымбат!Тәуелсіздік біз үшін бәрінен қымбат!

Қай елде, қай мемлекетте болмасын, тұтастай даму тарихына үңілсек, азаттық үшін, бостандық үшін, тәуелсіздік үшін күрес ғасырлар бойы жалғасып келеді. Тәуелсіздік түгілі жерінен айырылған, отаны жоқ ұлттар бар. Сондықтан, тәуелсіздіктің қадірін

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ,ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ,

СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ Құсбегілік өнерінен жастар арасында XIV чемпионаты өткізілді. Аталған чемпионатта «Сарыағаш медресе колледжінің» 4 курс студенті Самғат Ердана III-орынды иемденіп, арнай дипломмен марапатталды!