MEDRESE.KZ Жаңалықтар Бас Мүфти белгілі ғалым Әбсаттар Смановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Бас Мүфти белгілі ғалым Әбсаттар Смановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшесі, «Сарыағаш» медресе колледжінің директоры, белгілі дінтанушы ғалым Сманов Әбсаттар Шәкірұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты.«Еліміздің діни саласында үлкен қайғылы оқиға орын алды. Асыл дініміздің өркендеу жолында талай жыл табанды еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеген бауырымыз, танымал теолог Әбсаттар Шәкірұлы дүние салды. Марқұмның отбасына, ағайын-жұртына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұжымы, Ғұламалар Кеңесі атынан көңіл айтамын. Ә.Смановтың жазған еңбектері мен діни-ағарту саласына қосқан үлкен үлесі еліміздің дін қызметкерлері үшін әрқашан үлгі болмақ. Марқұмның жаны жәннатта болғай! Алла алдынан жарылқап, мейірімі мен рахымына бөлегей! Әмин!» – делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.Сманов Әбсаттар Шәкірұлы 1989-1993 жылдар аралығында Өзбекстандағы имам әл-Бұхари атындағы Жоғары Ислам институтын үздік дипломмен бітірді. 1995-2002 жылдар аралығында «Таяқты Ешан» мешіті жанындағы сауат ашу курсын басқарды. 2009 жылдан бері ҚМДБ жанындағы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі. Осыған дейін «Сарыағаш» медресесін басқарды. 2008-2010 жылдары Құран Кәрімді қазақ тіліне аударды.

ҚМДБ Баспасөз қызметі

www.muftyat.kz

Related Post

ҰСТАЗ ЕРКІН КАДИРОВ|ҚҰРАНҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТҰСТАЗ ЕРКІН КАДИРОВ|ҚҰРАНҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ

Қасиетті Құран Кәрім – он төрт ғасырдан бері мұсылмандар үшін рухани бастама және шабыт көзі. Бұл – Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахи ретінде түсіп, әлі күнге

Сарыағаш медресе колледжінің ұстазы, Сатыбалды Әбішұлы атындағы Ислам орталығының азаншысы Сейтқанов Қуаныш Бәкенұлы X Республикалық Құран байқауында топ жардыСарыағаш медресе колледжінің ұстазы, Сатыбалды Әбішұлы атындағы Ислам орталығының азаншысы Сейтқанов Қуаныш Бәкенұлы X Республикалық Құран байқауында топ жарды

Республикалық Құран жарысынан “Мәнерлеп оқу” бойынша “Сарыағаш” медресе-колледжінің түлегі, “Нұр-Мүбарак” университетінің магистры, “Сатыбалды Әбішұлы” мешітінің Бас азаншысы Қуаныш Сейітханов бірінші орын алды. 74 үміткер бақ сынаған байқауда жеңіс тұғырынан көріну