MEDRESE.KZ Жаңалықтар Үлкен жақсылық

Бір күні бір кісі үйінің есігін ашқанында полициялар тұрғанын көреді. Қобалжып:
— Бірдеңе керек пе еді?- деп сұрайды. Комиссар:
— Үйіңізді тонаған ұрыны ұстадық, -деп жауап береді.
Әлгі кісі шамалы тұрып, «Қане ішке кіріңіздер!» деп шетке шегінеді. Бәрі бірге ішке кіреді. Кісі алдын полициялармен, кейін жас жігітпен қол алысып:
— Келгендерің қандай жақсы болды. Бұл жігітпен танысқым келіп жүрген еді,- дейді. Полициялардың біреуі:
— Бұл жігіт форма кимейтін полиция қызметкері емес, ол ұры,- дейді.
— Ұры екенін біліп тұрмын, бірақ енді шағымымды қайтып алдым,- дейді. Бәрі таң қалады. Қонақтарға шай, тәттілер ұсынғаннан кейін, әңгімесін жалғастырды:
— Үйім тоналудан алдын, түннің бір уағына дейін отырғанымнан, таң намазына тұра алмайтын едім. Қанша қаласам да күніне Құран кәрімнің бір парағын да оқуға уақыт таба алмайтынмын. Оқыған намаздарым да, асығыстықтан шала-шарпы болатын. Бұл жас жігіт мені осы ғафлеттен (қараңғылықтан) құтқарды. Өйткені теледидарымды ұрлаған еді,- дейді.

Related Post

Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңізСіздердің ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңіз

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шарифте: «Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды  үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңіз»-депті. Ендеше мұсылман баласына Құран үйрену ауадай қажет деп айтуға болатын шығар?

⚜️16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздікке 32жыл ” атты 23-9-11 тобы Нашуран Айбек ұстаздың жетекшілігімен тәрбие сағаты ұйымдастырылды.⚜️16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздікке 32жыл ” атты 23-9-11 тобы Нашуран Айбек ұстаздың жетекшілігімен тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

🔰Ата-баба аманаты болған еркіндік өскелең ұрпаққа берілген үлкен жауапкершілік. Міне, біздің Сарыағаш медресе колдеджінде өз кезегімен ұйымдастырылып жатқан ашық тәрбие сағатының мақсаты сол, жас буынға Егемен елді абыроймен қорғау, оған

Бас мүфтидің ел халқына ҮНДЕУІБас мүфтидің ел халқына ҮНДЕУІ

Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты ел халқына ҮНДЕУІ   Құрметті бауырлар! Мұсылман қауымының ұлық мерекесі