MEDRESE.KZ Жаңалықтар Бас мүфтидің ел халқына ҮНДЕУІ

Бас мүфтидің ел халқына ҮНДЕУІ

Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,

Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің

қасиетті Рамазан айына байланысты ел халқына

ҮНДЕУІ

 

Құрметті бауырлар! Мұсылман қауымының ұлық мерекесі – қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болғай! Оразаға аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын!
Алла тағаланың теңдессіз сыйы – Отанымыздың тәуелсіздігін баянды ете түсу үшін көзі ашық, көкірегі ояу, ел қамын ойлайтын әрбір азаматқа артылар сенім мен талап зор. Бұл қадам әртүрлі саладағы тапсырылған істі атқаруға тиіс барша қазақстандықтарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттің мерейін үстем ету жолында әлемдік тәжірибенің ең озығы мен ең жаңашылын таңдап алу үшін елдің әрбір азаматынан білімділік пен біліктілік талап етіледі.

Елді ілгері сүйрейтін ілкімді істердің іргетасы ізгілікке, имандылыққа, әділдікке, адамгершілікке құрылмаса, Алланы танып, Ұлы Жаратушы алдындағы жауапкершілікпен ұштаспаса, елдік мақсат толық орындалмайтынын баршамыз байқап-бағамдадық. Қызымыз салиқалы, ұлымыз ұлықты болмай, ұлы мұратқа жете алмайтынымызды сезіндік. Білімді де білікті деген азаматтың нәпсісіне тұсау сала алмауы, келешегінен үміт күткен бозбала мен бойжеткеннің иман мен ибалықтан алшақтауы, өзін-өзі өлтіру, араққұмарлық, жемқорлық, зинақорлық, нашақорлық т.б. сынды дерттің дендеп кетуіне негізгі себептің бірі – рухани дағдарыс екеніне көзіміз жетті. Данышпан Абай айтқан «жақсы мен жаманды айырмау, ынсап, ұят, иман, ар, намыс, сабыр, талап» етпеу адамды тежеусіз нәпсінің құлына айналдырмақ. Біз бұрын-соңды естіп, көрмеген бұзақы іс-әрекеттер бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көрсетіліп, жариялануда. Мұның бәрі Жаратушы Иеміздің шариғатын сақтамағандық екені айтпасақ та түсінікті.

Қымбатты отандастар! Біз бүгінде тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет ететін білімді, иманды, ибалы, Отанын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу жауапкершілігі жүктелген заманда өмір сүріп отырмыз. Иман бұлағынан сусындаған адам арына дақ түсірмейді. Өйткені, Ислам адамгершілік құндылықтарды қастерлеуге үндейді. Дәстүрлі діндердің мақсаты – ізгілік пен адамгершілік. Осы орайда баршаңызды қасиетті Рамазан айын игі істермен, Жаратушыға жақындататын қайырымдылықтармен, мұқтаж жандарға көмектесумен, жетім мен жесірге, қарттар мен мүгедектерге мейірім танытып, өзара түсіністікпен өткізуге шақырамын. Алла тағала қасиетті Құранда: «Жақсылықта, тақуалықта бір-біріңе көмектесіңдер», – деп бұйырған («Мәида» сүресі, 2-аят).

Рамазан – тәрбие айы, жасаған жақсылықтардың сауабы еселеніп жазылатын, Жаратушы Иеміздің жарылқауына, рақымына бөленетін ай. Олай болса, Алланың теңдессіз сыйына ізгі де, қайырымды іс-әрекеттерімізбен қол жеткізуге аянып қалмайық! Имандылығымызды күшейте түсейік!

Қасиетті айдың құрметіне тойларда, кештерде арақ-шарап ішілмесе, артық ысырапшылдыққа жол берілмесе, азық-түлік бағалары төмендетілсе, халыққа қызмет етудің барлық түрлеріне жеңілдіктер жасалса, мұқтаж жандарға көңіл бөлінсе, Алла разылығы үшін берілетін ас-тағамдар ауызашарлар кезінде берілсе деген ізгі ниетіміз орындалса нұр үстіне нұр болар еді.

Осы Үндеу ерекше мейірімді, құдіреті күшті Алла тағаланың разылығы мен рақымына, берекесі мен шапағатына еліміз бөлене берсін деген асыл арман, ұлы мұраттан туған ізгі мақсат еді. Жарылқаушы айда жасаған ізгі ниет пен амалдарыңыз басқа да айларда жалғаса бергей! Алла тағала баршамыздың екі дүниеде де жүзімізді жарық еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әмин!

www.muftyat.kz

Related Post

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Нүкежанов Ержан Болатқанұлы және Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбилдаұлымен бірге арнайы іс-сапармен медресе колледжімізге келді.Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Нүкежанов Ержан Болатқанұлы және Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбилдаұлымен бірге арнайы іс-сапармен медресе колледжімізге келді.

Күні кеше ғана Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Нүкежанов Ержан Болатқанұлы және Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары

Шегенің ізіШегенің ізі

Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Бір күні әкесі оған ішішегеге толы бір жәшік беріп: «Достарыңмен әр жанжалдасыпқалған сайын тақтайға бір-бір шегеден қағып отыр» дептабыстапты. Алғашқы күні-ақ баласы тақтайға