Әлемдердің  Раббысына барлық мақтаулар мен мадақтар болсын.

Ол Аллаһ сондай адамзатқа ата-анасын қадірлеуге, сыйлауға, құрметтеуге бұйырған. Барлық жақсы істердің көшбасшысы болған сүйікті пағамбарымыз Мұхаммед с.а.у Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын.

Аллаһ тағала қасиетті құранда « Ол екеуіне уф деп айтпаңдар» дейді. Бұл бір кішкентай ғана сөйлем астарында қаншадан-қанша әмірлер мен қайтарымдар барын адамдар сан ғасырлар бойы уағыздарымен де, кітаптарымен де жеткізе алмай келе жатқанын сезінсек қой шіркін. Ия ата бабаларымыз айтқанндай ол кісілердің қадірін сол кісілердің орнында болсақ қана түсінетін сияқтымыз.                    Ал  Аллаһ тағала болса  « Ей маған иман еткен менің сүйікті құлдарым, сендер ата-аналарыңа, егерде олар сендерге бір амалды айтса уф деп айтпаңдар»-деп айтып тұрғандай тәрізді. Аллаһ барлығын біліп тұрушы зат қой тіпті кей кезде ата-анамыз бір амалды бұйырған уақытында біз перзенттердің айтатын создерінде құранда хабарын беріп қойған. Әлі де естерімізде бар ғой анамыз « Балапаным балам деп» бір істі айтқанында «уфф ана сенде бір» деген сөздеріміз. Сол сәтте біздің есімізде болмайды екен аналарымыздың бізді осы бір жағдайға алып келу жолында қиналғандары. Ойланайық біз қалай келдік өзі? Аспаннан салбырап, үп-үлкен болып түспегеніміз анық. Бұл бір жалған дүниеге келгенше анамыз бізді өз құшағынан жай берді. Бізге айту оңай жүкті болды кейін туды деп. Есіңізге алыңыз анаңыздың мазасы қашып, көзіне ұйқы келмей жылап отырған бір сәтін. Ия ол кезде сенің анаң сонымен қатар сенің анаң секілді аналар жылап отырған жағдай, ал қалғандар ұйқтап жатыр. Шыбындай жанымыз бар шыбын шақса ауыратын. Ол кезде сенен де өзге ауыруы қозып қалмасын басқа ауыру қосылса барма… есіңе ал үлкен қарнын көтеріп жұмыс істеп жүрген анаңды. Егерде ол ауру сенде болғанда жатар едің дәрігер деп. Ех, ана, амал қанша ол жатпайды ғой дәрігер деп. Ал күні жақындаған уақытын есіңе ал. Ауырып өзін қоярға жер таппай, бір отырып бір тұрып жүргенін отырса да қоймастан, жатса да қоймастан сені дүниеге келтірем деп қиналып жүрген анаңды есіңе ал. Адамнан адам шығу оңай емес. Ал енді толғақ уақтысын есіңе алшы. Зар еңіреген жылаған үн. Айқайлаған айқайдың үні. Бұл жолдың барлығын аналарымыз мына біздерді дүниеге келтіру үшін басып өтті емеспе. Жоқ. Ешкімнің де анасына уф деуге ақысы жоқ. Ата-анаға уф деуге ешкімнің де құқығы жоқ. Тура бір Аллаһ айтып отқандай « Ей иман келтіргендер ата-аналарыңа уф демеңдер егер маған иман келтірген болсаңдар. Қанеки ата-аналарыңа осыншама қиналып сендерді өсіріп тәрбиелеп болған соң уф деп көріңдерші ертен есеп күні мен сендерді қандай жазамен күтіп алар екем»-деп. Ия Аллаһ кешірімді мейрімді. Сонымен қатар ол бұйрықтарын орындамаған пендесін жазалаушы әрі азаптаушы. О Аллаһ, біздерді ата-аналарымызға уф деп айтқанымыз үшін азаптама егер жеке-жеке сұрасаң біз оларға қаншама рет ол сөздерді айтып қойдық қой.

Амалдардың ең жақсысы Аллаға құлшылық сосын не екен? Бұл жайында Пайғамбарымыз саллаллаһу алайһи уа саллам бір нәрсе айтқан ба екен өзі үмметіне?  Ия айтқан. Ата-анаға қызмет ету осыншалықты ұлы амалдан бола тұра Пайғамбар с.а.у бұл жайында үндемей қоймас.

 

Абдуллаһ ибн Масуд Аллаһ ол кісіден разы болсын айтады:

«Мен Набий саллаллаһу алайһи уа салламнан сұрадым: «Аллаһ тағала үшін ең сүйкімді іс қайсы іс?»-деп.

«Уақытында оқылған намаз»-деді. «Сонан соң қайсысы?»-дедім. «Ата-анаға жақсылық жасау деді»-деді. «Сонан соң қайсысы жақсырақ?»-дедім. «Сосын Аллаһтың жолында жихат қылу»- деді. «Міне осыларды айтты егер тағы да сұрасам тағыда айтатын еді»-деді.»

Біз қарапайым мұсылмандарға жихад ең үлкен іс болып көрінеді. Ал шахид болғандар сұрақсыз жаннатқа кіреді дейміз. Ал екі дүниенің шам шырағы Мұхаммед алайһис салам ата-анаға жақсылық жасауды мына бір хадисінде жихадтан жоғары етіп тұрғанын ойламаймыз. Осы бір ғана сөзімен пайғамбар алайһис салам ата анаға жақсылық жасаудың қандай үлкен сауапты іс екенін көрсетіп тұрған тәрізді. Ал біз не істейміз сауапты, шахидтікті ұзақтан ақтарамыз бірақ олар әр күні бізбен екенін елемейміз. Қош кәне айтшы мұсылман бауырым бүгін анаңа қандай жылулық сыйладың? Еш болмағанда  қал жағдайыңыз қалай деп айттыңба? Ал ұзақта болсаң телефон соғып сұрадың ба? Еш болмағанда жеті теңгелік анаңа арнап смс жаздыңба? Не сонда аналарымызды қуанту біздің қолымыздан келмейді ме. Олар біздің сөздерімізді есту үшін қаншалар ынтық  екенін ұмытпайық ей, «Ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар деп айтқан Мұхаммедтің с.а.у үмметі. Енді нені күтіп отырсын ал қолыңа телефонды…

Related Post

Әкенің қызықты тәжірибесіӘкенің қызықты тәжірибесі

Әке мен қызы әңгімелесіп, дерттесіп отырған екен. Қызы өмірінде көп қиналғанын және бұл қиыншылықтарды қалай жеңуді білмейтінін айтып әкесіне мұңын шертеді. Тіпті өміріндегі қиыншылықтары бірінен соң бірі жалғасады екен. Әкесі