MEDRESE.KZ Жаңалықтар «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген төрт кітаптың танытымы өтті

«MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген төрт кітаптың танытымы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген төрт кітаптың танытымы өтті,- деп хабарлайды @muftiyat.kz ресми сайты.ҚР мүфтиятыы рәсімге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған мүфтият ұжымы қатысып, оқырманға жол тартқан «Жәннатпен сүйіншіленген 10 сахаба», «Табыс теориясы (мұсылман мотивациясы)», «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» және «Ораза (әдебі, міндеттері, пайдасы мен артықшылықтары)» кітаптарымен танысты.

🔰«Діни басқарма әрқашан кітап шығару мен баспа қызметіне ұдайы көңіл бөліп келеді. Соңғы екі жыл ішінде төл баспамыздан 54 еңбек жарық көрді. Атап айтсақ, «MUFTIYAT» баспасынан 11 Құран жəне тəпсір, 9 ғылыми жəне тарих кітаптары, 3 Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туралы, 13 қоғамға қатысты кітаптар, сондай-ақ отбасыға қатысты 4 және 14 шариғат кітаптары оқырманға жол тартты.

🔰Бүгін танытымы өтіп отырған төрт кітап та оқырмандар үшін пайдалы, рухани азық болады деген сенімдемін. Осы кітаптардың жарық көруіне атсалысқан азаматтарға, баспа директоры Мұрат Манапұлы мен ұжымына алғысымды білдіремін» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Related Post

“Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің дінтанушы-теолог маманы Бердуәлі Өтеген шәкірттерімізге жиын өткізді“Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің дінтанушы-теолог маманы Бердуәлі Өтеген шәкірттерімізге жиын өткізді

Түркістан облысы дін істері басқармасының “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің дінтанушы-теолог маманы Бердуәлі Өтегеннің қатысуымен 2023 жылдың 9-ақпан күні «Діни экстримизмнің,теріс пиғылда діни ағымдардың алдын-алу» тақырыбы аясында колледжіміздің 1-курс студенттерімен

Қош келдің Мәуліт!Қош келдің Мәуліт!

Осы айда еліміздің әр түкпірінде пайғамбарымыз Мұхамедтің, оған Алланың сәлемі болсын, туған күні, яғни мәуліт мерекесі аталып өтіп жатыр. Кеше күллі жамағат асыға күтетін шарапаты мол мейрамға орай Сарыағаш медресесінде