Торебеков Нуралы Кадырбекович
1981 жылы 3 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Жылға ауылдық округі, Қарақалпақ ауылында дүниеге келген. Үйленген, 2 қыз, 2 ұлы бар.
БІЛІМІ:
1989 жылы Қарақалпақ ауылындағы В. Маяковский атындағы жалпы орта мектебіне барып, 1998 жылы №6 Жамбыл атындағы жалпы орта мектепті яқтаған.
1998- 2002 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ ауылында орналасқан «Таяқты Ишан» мешітінің қасындағы медресені бітірді.
2003-2009 жылдар аралығында Сирия араб республикасы, Дамаск қаласындағы «Әл-Фатх әл-ислами институтын» шариғат және араб тілі мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы Қазақстан инженерлі-педагогикалықхалықтар достығы университетінде Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын бітірді.
2019-2021 жылдар аралығында алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Теология (екінші жоғары білім) мамндығын бітірді.
Қазіргі таңда Алматы қаласындағы Нұр- Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану» мамандығы бойынша магистратураның 2 курсында оқып жатыр.
ҚЫЗМЕТІ:
2009-2014 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ ауылындағы Сарыағаш медересесінде арнайы оқытушсы қызметін атқарды.
2015-2017 жылдар аралығында Сарыағаш медресесінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде.
2017-2019 жылдар аралығында Сарыағаш медересе колледжінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орнынбасары лауазымында қызмет жасады.
2020 жылдан бастап Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ ауылындағы Сарыағаш медресе колледжінде директордың оқу-өндірістік жұымысы жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс жасап келеді.