Ғұсыл парыздары және оның себептері

С: Үлкен дәрет, яғни ғұсылды қашан алу керек немесе қай амалдан соң уәжіп саналады?

Ж: Ғұсыл алу төмендегі амалдарға орай уәжіп болады;

  1. Ер дамның немесе балиғатқа жетуі;
  2. Ерлі – зайыптылардың жыныстық қатынас жасауы;
  3. Мәнидің (сперма) шаһуатпен шығуы;
  4. Хайз (етеккір) қаны тоқтауы;
  5. Нифас (босанған әйелден келетін) қаны тоқтауы;
  6. Ұйқысынан тұрған адам киімі немесе денесіне мани немесе мәзи жұққананын көрсе

С: Жыныстық мүшеден шыққан мәзи (шәһуатсыз шығатын нәжіс) немесе уәди (зәрден кейін келетін қою нәжіс) ғұсыл жасау уәжіппе?

Ж: Мұндай жағдайда ғұсыл уәжіп емес, бірақ дәрет бұзылады.

Ғұсыл сүннеті және оның уақыттары

С: Шариғатта орындалуы парыз болып саналатын ғұсылдан басқа да ғұсыл барма?

Ж: Иә, Пйғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннеті болып саналатын ғұсылдар бар. Олар: Жұма және айт намаздарын оқу үшін, ихрамға кіру үшін, Арафа күні уақфаға тұру үшін жасалатын ғұсылдар.

Ғұсылдың парыздары

С: Ғұсыл алу барысында қандай әрекет парыз болып саналады?

Ж: Ғұсыл алу барсында үш түрлі әрекет парыз болып саналады.

  1. Ауызға су алып, алқымына дейін екі ұртын толтыра шайқап шаю керек
  2. Мұрынға суды барынша терең тарта шайып; сіңбіріп тастау;
  3. Дене мүшесінің  барлық жеріне толық су тигізіп шығу қажет. Денеде су тимеген жер қалмауы тиіс.

С: Ғұсыл сүннет бойынша қалай алынады?

Ж: Ғұсыл сүннет бойынша алдымен екі қолы жуылады, денесін нәжістен тазалап, аяғын жумай дәрет алады. Тұла бойына үш реттен су тигізеді. Құлақ ішіне, қолтыққа, кіндікке және су жетуі қиын тұстарға саусақпен су тигізіп тазалайды. Егер жуынған орны таза болмаса немесе жуынған суы жиылатын болса, аяқты жууды ғұсыл соңына қалдырып, таза бір шетке шығып жуады.

С: Ғұсылды жоғарыда айтылғандай етіп құйынуды ғұсыл парыз болғандарға ғана орындауы керек пе, әлде барлық адам ғұсыл ала ма?

Ж: Ғұсылдың барлық түрі осылай жасалады.

С: Ғұсылда әйелдерге қандай жеңілдік бар?

Ж: Шашы өрілген әйел шашын жуу шарт емес. Өрілмеген шашты түгел жуады. Еркек адамның шашы өрілген болсада шашын түгел түбіне дейін жууы шарт.

Related Post

Асарға кел ағайын!Асарға кел ағайын!

Сарыағаш медресе-колледжінің жанында салынып жатқан мешітке қаражат та, жұмыс күші де жетіңкіремей жатыр. “Көп түкірсе көл болады”, “Саусақ бірікпей, ине ілікпейді” деген бабаларымыздың өсиетіне құлақ түріп асарлатсақ игі еді.

ӨТІНЕМІН СОҢЫНА ДЕЙІН ОҚЫНЫЗШЫ🙏Жетім қалған 4 бауырым бар кішкентай Өзім бағып келемін жетімдер үйіне бермей.Қазір жұмысқа жарамай жатып қалдым.Қатты қиналып қарызға батып тамақ дәрімізге ақшамыз болмай қиналып кеттік,кредит займдарға батып квартира жалдап тұрамыз өзіміз.Кіші інімде әлсіз соған дәрі дәрмекке ақшамыз болмайды,өкіметтен берілетін пособие тек қарыз жабумен кетеді.Жұма қабыл болсынҚОЛДАН КЕЛГЕНШЕ КӨМЕК БЕРСЕНІЗ ӨМІР БОЙЫ ДҰҒАНЫЗДЫ ТІЛЕП ЖҮРЕМІЗ🙏Жағдайы бар аға әпкелерім бар екеніне сенеміз.Інілерім мектеп оқиды суреттерін салуға намыстанады.ӨТІНЕМІН СОҢЫНА ДЕЙІН ОҚЫНЫЗШЫ🙏Жетім қалған 4 бауырым бар кішкентай Өзім бағып келемін жетімдер үйіне бермей.Қазір жұмысқа жарамай жатып қалдым.Қатты қиналып қарызға батып тамақ дәрімізге ақшамыз болмай қиналып кеттік,кредит займдарға батып квартира жалдап тұрамыз өзіміз.Кіші інімде әлсіз соған дәрі дәрмекке ақшамыз болмайды,өкіметтен берілетін пособие тек қарыз жабумен кетеді.Жұма қабыл болсынҚОЛДАН КЕЛГЕНШЕ КӨМЕК БЕРСЕНІЗ ӨМІР БОЙЫ ДҰҒАНЫЗДЫ ТІЛЕП ЖҮРЕМІЗ🙏Жағдайы бар аға әпкелерім бар екеніне сенеміз.Інілерім мектеп оқиды суреттерін салуға намыстанады.

Каспи Айша8705 640 80 33

Сарыағаш медресе колледжінің жаңа ғимараты ашылдыСарыағаш медресе колледжінің жаңа ғимараты ашылды

Сарыағаш медресесін білмейтін жұрт кемде-кем. Сол медресенің жаңа ғимараты ашылады дегенді естіген жұрт тағатсыздана ашылуын күткен еді, енді міне сол күткен ашылуы да болып өтті. Мамыр айының 19-жұлдызында «Сарыағаш» медресе-колледжі