MEDRESE.KZ Жаңалықтар «НАМАЗ» тақырыбында уағыз насихат айтылды

«НАМАЗ» тақырыбында уағыз насихат айтылды

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Д.Сманов 03.05.2022 ж колледж шәкірттеріне «НАМАЗ» тақырыбында уағыз насихат айтты. Намаз – діннің тірегі, құлшылықтың ең абзалы. Исламның негізгі бес парызының бірі. Намаз – өзін мұсылман санайтын кісіні Жаратушысына мойынсұндырып, қанағат пен өзге де қайырлы қадамдарға бастайтын ғибраты мол ғибадат. Сондай-ақ, ол – жат әдеттер мен арсыздықтан тыятын, азғындықтан сақтайтын құлшылық һәм рухани азық. Қысқасы, намаз – жұмақтың кілті. Сондықтан намазды дұрыс орындау – мұсылмандар үшін ең маңызды міндет. Ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазға былайша анықтама берген: «Уа, үмбетім һәм сахабаларым! Бүкіл шарттарына сай толық орындалған намаз – Алла Тағала жақсы көретін істердің ең мәртебелісі, пайғамбарлардың сүннеті, періштелердің ең сүйкімді ісі, жер мен көктің нұры, тән саулығының қайнар көзі, ризық-несібенің берекесі, дұғалардың қабыл болуына септігін тигізетін себептердің үлкені, жан алғыш періштеге араша түсетін шапағатшы, қабір әлемінде Нәкір мен Мүңкір атты періштелердің азабынан құтқаратын жауап. Қиямет күнінде – жанға сая. Жәһаннам отына тосқауыл қоятын перде. (Қылдан жіңішке, қылыштан өткір) Сират көпірінен жарқ еткізіп өткізетін пырақ. Жұмақтың кілті. Жұмақ жұртында киер тәжің. Алла Тағала мүміндерге намаздай маңызды құлшылық жүктемеген. Егер намаздан артық ғибадат түрі болғанда, Алла Тағала құлдарына соны міндеттер еді. Шын мәнінде, періштелердің бір шоғыры ұдайы намаздың қиямында, тағы бір бөлігі үнемі рүкүғта, тағы бір тобы сәждеде, енді біреулері тәшәһһуд қалпында құлшылық етіп тұрады. Міне, осылайша құлшылықтың хикметке толы қасиеттерін бір рәкағат намазға жинақтап, мүміндерге сыйлады. Ақиқатында, намаз – иманның басы, діннің тірегі, Исламның сөзі әрі мүміндердің миғражы».

Related Post

Бауыржан Әлиұлы ұстазымыз бұл фәнимен қоштасты.Бауыржан Әлиұлы ұстазымыз бұл фәнимен қоштасты.

Қасиетті жұма күні елімізге белгілі ғалым, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшесі, көптеген кітаптардың авторы Бауыржан Әлиұлы ұстазымыз бұл фәнимен қоштасты.Сарыағаш медресе колледжі ұжымы атынан ғалымның отбасына қайғырып көңіл айтады. Алла Тағала

ҚАСИЕТТІ ЕРЕЖЕП АЙЫНА АРНАЛҒАНҚАСИЕТТІ ЕРЕЖЕП АЙЫНА АРНАЛҒАН

МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА Ережеп – ең ұлық ай. Өйткені, бұл – Алланың айы. Оған дәлел Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бір хадисінде былай келеді: «Ережеп – Алла Тағаланың айы, Шағбан – менің айым,

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні – мейірімге толы мереке. Себебі баланың қуанғанынан, оның шат күлкісінен артық ештеңе жоқ. Біз үшін балаларымыздың болашағы маңызды. Өйткені олар – ертеңгі ел