MEDRESE.KZ Жаңалықтар Оқу-дала жиындарының ашылу салтанаты.

Оқу-дала жиындарының ашылу салтанаты.

Сарыағаш аудандық мектептер мен колледждер арасында 5 күндік оқу-дала жиындарының ашылу салтанаты «№ 12 колледж» МКҚК –ның спорт алаңында 2022 жылдың 27-ші сәуірінде болып өтті. Оқу — дала жиынының басталуын Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Н.Талипов пен Сарыағаш аудандық білім бөлімінің бас маманы Б. Балабеков ашып, жас сарбаздарға Отан қорғау алдындағы үлкен жауапкершілікті сезінуін, болашақ сарбаз екенін ұғындырып, алғыстарын айтып сәттілік тіледі. Ашылу салтанатына Сарығаш медресе колледжінің АӘД пәнінің мұғалімі Исмаилов Қанат және Әбдірахым Нұрмұхаммед ұстаздарымыздың жетекшілігімен 1 курс студенттеріде қатысып, жас сарбаздар арасында өткізілген сайыстарда топ жарды. Соның ішінде қол күресінен Аскиров Аділет 2 орын, 100 метрлік қашықтыққа жүгіру бойынша Айдархан Алан 3 орынмен марапатталды.

Related Post

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні. Сарыағаш медресе колледжі барша қазақ елін мерейлі мерекемен құттықтайды!

Түркістан қаласында самбо күресінен ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.Түркістан қаласында самбо күресінен ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.

Аталған байрақты бәсекеде әріптесіміз, Сарыағаш медресе колледжінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Байғараев Мұрат Қуатбекұлы да сынға түскен болатын. Аталған байрақты бәсекеде Мұрат Қуатбекұлы  жүлделі ІІІ-орынды иемденіп қайтты.

«Қазнет Дода — 2013» конкурсының жеңімпаздары анықталды«Қазнет Дода — 2013» конкурсының жеңімпаздары анықталды

«Қазнет Дода —  2013» ұлттық интернет байқауы өз мәресіне жетті. Осы бәйгеге  9 номинация бойынша  91 сайт қатысып, біздің сайтымыз діни сайттар арасында 3-ші орынды иеленді.