27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні. Әнас ибн Мәлік (р.а.) былай деп айтқан: «Рамазан келгенде, Алланың Елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын): «Расында, сендерге бұл ай келді! Онда мың айдан да қайырлы бір түн бар. Сонда кім ол түні бейқамдық танытса, оның барлық игілігінен құр қалады. Ал оның барлық игілігінен тек нағыз мақрұм адам ғана айырылып қалады!», – деп айтты». Мың айдан да қайырлы Қадір түні Сарыағаш Ислам Орталығына келген жамағатпен тарауих намазын оқып, колледж директоры Дінмұхаммед Сманов және Жұмағұл Ырысалды Сарыағаш медресе колледжінің 2-курс студенті Құранды аяқтады. Хатым Құран дұғасын ұстаз Дінмұхаммед Сманов жасап, Рамазан айының қадір қасиеті жайлы уағыз-насихаттар айтылып сұрақ-жауаптар қойылды. Келген қонақтардың қадір түнін әсерлі және есте қалатындай етіп өткізу үшін, түрлі сұрақ-жауаптар қойылып, сыйлықтарменен марапатталды. Сұрақ-жауап аяқталғаннан кейін Төребеков Нұралы ұстаз «Рамазаннан кейінгі құлшылықтар» жайында уағыз насихат жүргізді. Алыстан және жақыннан келген екі жүзден астам конақтарға дастархан жайылып сәресі берілді.
27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні
Рубрики:
Related Post
Шәкірттерді қызметке шақырдыШәкірттерді қызметке шақырды
Сарыағаш медресе-колледжінде сегіз жүзге жуық студент бар. Олардың жартысы тоғызыншы сыныптан кейін оқуға түскен. Жер-жерден келген шәкірттер «Исламтану» мамандығын меңгеріп шығады. Сарыағаш медресе-колледжінің түлектерін тартып, облыста туындап жатқан кадрлық тапшылықты шешу
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ МЕДРЕСЕ ТӨРІНДЕ АТАЛЫП ӨТТІ.ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ МЕДРЕСЕ ТӨРІНДЕ АТАЛЫП ӨТТІ.
Сарыағаш медресе колледжінің ұйымдастыруымен “Қош келдің, әз Наурыз” атты мерекелік іс-шара ауқымды көлемде аталып өтті. Думанды жиынға медресе колледж директоры Дінмұхаммет Сманов пен оқу орынның ұстаздары қатысты. Алғы сөз Құранмен