MEDRESE.KZ Жаңалықтар Бала ақысы

Баланың ата-анасында болған ақыларының біршамасы мыналар:
1) Келешекте бала анасымен жамандалмауы үшін, балаға ана болатын қызды жақсы жерден таңдау керек. Салиха қыз болуына үлкен мән беру керек!  
2) Балаға жақсы есім қою керек! Ахмед, Мұхаммед, Махмуд сияқты сүйікті пайғамбарымыздың есімдерін қою керек. Пайғамбарымыз: «Үш ұлы бола тұра, біріне менің есімімді бермеген адам надандық еткен болады» — деген. (Табарани)
3) Балаға жақсы тәрбие беру керек! Хадис шәрифте: «Балаларыңа игілік етіңдер, оларды әдепті, тәрбиелі етіп өсіріңдер!» делінген. (Ибн Мажә)
4) Балаға мейірімді мәміле жасау керек! Сүйікті пайғамбарымыз немересін сүйген кезде, біреу көріп: «Йа Расулаллаһ! Менің он бала-шағам бар. Бірақ ешбірін сүймеймін.» — деді. Оған: «Мейірімділік етпеген, мейірімділік көре алмайды» — деп жауап берді. (Бұхари)
5) Балаларды халал азықпен қоректендіру керек! Харам азықтың әсері баланың табиғатын бұзады, балада бұзық әрекеттердің пайда болуына себеп болады. Хадис шәрифте: «Жеп ішкендерің халал, таза болсын! Балаларың осылардан қалыптасады.» — деп бұйырылған. (Риядун-Насихин)
6) Әкенің баласына ілім, әдеп және кәсіп үйретуі парыз. Алдымен Құран кәрім оқуды үйрету керек. Кейін иманның және исламның шарттарын үйрету керек. Жеті жасынан бастап намаз оқуға әдеттендіру керек. Дүниеде және ахиретте құтылу ілім арқылы жүзеге асады. Балаға дін ілімдерін үйреткеннен кейін оқуға жіберу керек, колледж және университет оқыту керек. Дінін үйренбестен мектепке жіберілсе, бұларды үйрену үшін бос уақыт таба алмайды. Дін дұшпандарының тұзақтарына түсіп, олардың жалғандарына алданады.
7) Жаман адамдармен, бұзық достармен бірге болуына кедергі болу керек. Жаман жұмыс және жаман дос пәлекет. Кішкентайынан қадағалап жақсы болып өсуіне тырысу керек. Ғалымдардың, салихтердің сұхбатына апару керек.

Related Post

9 Мамыр -Жеңіс күні9 Мамыр -Жеңіс күні

«9 Мамыр -Жеңіс күні» біз үшін өте қастерлі, қасиетті мереке. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастырылуымен мерекелік жиын өтті, жиынға Сарыағаш медресе колледжі ұстаздары ,шәкірттері, соғыс ардагерлері,

Пітір садақасыПітір садақасы

С: Пітір садақаның үкімі не? Ж: Пітір садақа беру күнделікті қажетінен артық, яғни тұратын жайынан, киім-кешегінен, үйіндегі тұрмыстық құрал-саймандардан, көлігінен, арттырған байлығы нисапқа жететін бостандықтағы, мұсылманға парыз.