MEDRESE.KZ Ғибратнама Тозақтың аптабы

Әбу Һурайра (Аллаһ ол кісіден разы болсын) Расулуллаһ с.а.у айтты деп хабар- лайды. «Адам баласын жағатын осы от Тамұқ отыныц жетпістен бір бөлігін құрайды». (Әл- Бұхари, Мүслим).

Бірде Ка’б (Аллаһ ол кісіден разы болсын) Омар Ибн әл Хаттабқа (Аллаһ ол кісіден разы болсын) айтты: Егер де Тамұқтың қақпасы осы дүниеге ең құрығанда өгіздің танауындай ғана шығыстан ашылар болса, онда батыста оның қызуынан адамның миы қайнап, ағып кетер еді».

Пайғамбар с.а.у тағы былай деген: «Тозақтыц отын қашан ол ақ болғанша мың жыл өсірді, сосын оны қашан ол қызыл болғанша тағы мыц жыл өсірді, ал сосын оны қашан ол к,ара болганша тағы мың жыл өсірді. Ол — қара, қараңгы түн сияқты». (Әт-Термизи және Мәжә).

Аса құдыретті Аллаһ Тағала айтты: «Олардың беттері (бұзақылық істер жасағандардың) түнерген түннің бөлігімен жабылған сияқты. Бұлар — Оттың мекендеушілері. Онда олар мәңгі тұрақтайды». («Жүніс» сүресі, 27 аят).

Шындығында, адам өзіне Тозақтың жалынын елестете алмайды, бірақ оған өзінің жолында пайда болған барлық тіріні жұтуға дайын осы дүниедегі отқа көз салуы жеткілікті. Сондықтан да болар оған қарап тақуа ата-бабаларымыз Жаратушының алдында қорқынышты қатты сезінген. Ақиқатты аса құдыретті Аллаһ былай білдіреді: «Жаққан оттарыңды көрдіңдер ме? Оның ағашын сендер жараттыңдар ма, немесе Біз жараттық па? Біз оны бір ескерткіш және жүргіншілер үшін пайдалы қылдық». («Уақиға» сүресі, 71-73 аяттар). Аллаһ Тағала жер отын Тозақтың қап-қара, аптапты жалынын ескерту үшін істеді…

Related Post

АшуланбаАшуланба

Бір күні пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір тайпаның көсемі келеді. Қайтарында: «Мырзам, маған бір насихат беріңіз!» деп сұрайды. Пайғамбарымыз алейһисалам оған: «Мұқият бол, Ашуланба!» дейді. Тайпаның көсемі бұл қысқа