Сөз тасу – басқа адамдардың естімеуі керек болған сөздерді өзгелерге жеткізу деген сөз. Мысалы, бір жерде (Ахмет керең) деп айтылса, Ахмет керең болса да, болмаса да ол сөзді Ахметке барып айту, сөз тасу болып табылады. Сөз тасу – өте жаман мінез. Хадис шәрифте: «Сөз тасыған адам жәннатқа кіре алмайды» делінген. Қабір азабының үштен бірі сөз тасу себебінен болады. Хазреті Мұса алейhиссаламның заманында құрғақшылық болады. Қанша рет Аллаhу та’аладан жаңбыр тілеп дұға етсе де, дұғалары қабыл болмайды. Аллаhу та’ладан Мұса алейhиссаламға: «Араларыңда бір сөз тасушы бар. Ондай адам бар кезде дұғаларыңды қабыл етпеймін» деген хабар келеді. Мұса алейhиссалам: «Йа Раббым, ол адамды бізге білдір, арамыздан шығарайық»,- дейді. Аллаhу та’ла: «Ей Мұса! Мен сендерді араларыңда сөз тасудан тыя тұрып, қалайша өзім сөз тасимын?»- дейді. Одан кейін барлығы тәубе етеді және олардың дұғалары қабыл болады.
Басқалардан бізге сөз жеткізген адам, бізден де басқаларға сөз жеткізеді. Сондықтан сөз таситын адамнан сенімді болмау керек. Сөз тасу туралы хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Адамдардың арасында сөз таситын кісі адал адам емес.»
«Ең жаман адам – араларыңда сөз таситын, араларыңды бұзатын және адамдарды бір-бірімен шағыстыратын адам»
Сөз тасу — тек қана адамның айтқан сөзін басқаға жеткізу емес. Сонымен қатар, адамның естігенде ренжитін ісін айту да сөз тасуға жатады. Тек айтылуы діни тұрғыдан пайдалы болса немесе бір күнә істелуінің алды алынатын болса оны айтудың зияны жоқ. Бір адам Омар бин Абдулазиз хазреттеріне біреудің сөзін жеткізеді. Сонда хазреті Омар бин Абдулазиз оған: «Абай бол, егер өтірік айтсаң, Құран кәрімде “Бұзық адамдардың сөзіне сенбеңдер” деген аятындағы бұзық адамдар қатарынан боласың, егер дұрыс айтсаң тағы да Құран кәрімде “Сөз тасыған адамдардың сөзін тыңдамаңдар!” деп бұйырылғанындай өсекшілер қатарынан боласың. Тәубе еткің келсе, кешіруім мүмкін» дейді. Сөз жеткізген адам тәубе етіп, бұдан соң сөз тасымады.
Сөз тасу!
Рубрики: