Сарыағаш медресе колледжінде «Таlap» КЕАҚ ұйымдастыруымен 09.02-23.02.2022ж. күндер аралығында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру процесін академиялық дербестікті есепке ала отырып модельдеу» бағдарламасы бойынша колледждің ұстаздары 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өтті. Курсқа колледж директоры Д.Сманов, 20 жалпы, арнайы және кәсіптік пәндерден сабақ беретін ұстаздар қатысты. Курс барысында еліміздегі қазіргі таңда білім беру саласына енгізілген кредиттік-модульдік технологияның білім саласына қаншалықты қажеттілігі барын және қандай нәтижеге жетуге болатыны туралы мәлімет алынды. Қазіргі заманауи талаптарға сай жаңа технологияны қалай пайдалану керектігі үйретілді. Оқу барысында жұмыс оқу жоспарын, жұмыс оқу бағдарламасын, сабақ жоспарын академиялық дербестікті есепке ала отырып қалай жасау керектігін, бағалау өлшем шарттарын құрастыруды өте жақсы меңгеріп шықты.
Болашақта ұстаздар осы алған білімдерін пайдалана отырып, саналы ұрпаққа сапалы білім беруде жүзеге асырады деген сенімдеміз.