MEDRESE.KZ Ғибратнама Жәннаттың үйлері

        «Әбу Һурайра (р.а) әңгімелейді. «Бір күні сахабалар Пайғамбардан (с.ғ.с) былай деп сұрады: «Бізге Жәннат туралы әңгімелеп беріңіз.Ондағы үйлер кандай?».Ол айтты: «бір кірпіші алтыннан, тағы бірі күмістен, олар муску- спен сырланған. Ұсақ тастары — інжу мен жақұт, тозаңы — шафран. Оған кіруші игілікке бөленеді және қайғырмайды. Ол мәңгі, әрі өлмейді. Ол жақта киімдер тозбайды, жастар өлмейді». (Ахмад).

           Тақуалар үшін аса құдіретті Аллаһ Тағала Жәннатта зәулім Сарайлар дайындады, бұл туралы Аллаһ Тағала, былай деді:

«Раббыларыңнан қорыққандар үшін астарынан өзендер ағатын қабат-қабат салынған сарайлар бар. Бұл Аллаһтың уәдесі, Аллаһ уәдесінен таймайды» («Зүмәр» сүресі, 20 аят)

Әбу Сағид әл-Худри (р.а) Пайғамбар (с.ғ.с) айтты деп әңгімелейді: «Ақиқатында, Жәннаттың мекендеушілері Сарайдың мекендеушілерін шығыс пен батыстың көкжиегінен жоқ болып кететін жарқыраған жұлдыздар сияқты өздерінің үстерінен көретін болады. Олардың бір-бірінен артықшылығы осылай көрсетілетін болады». Оған айтты: «Иә, Аллаһтың Елшісі, бұл пайғамбарлардың мекені ғой, мұндайға олардан басқа ешкімнің де қолы жете қоймас». Ол былай деп жауап кайтарды. «Жанымның Иесінің атымен ант етемін, бұл — Аллаға иман келтіргендер мен елшілерге адал адамдарға (мекен)». (Әл-Бұхари, Мүслим).

Әбу Муса әл-Ашғари (р.а) Пайғамбар (с.ғ.с) айтты деп әңгімелейді: «Расында, Жәннатта мұсылманның биіктігі алпыс миль, жиегі бірыңғай інжумен әрленген шатыры болады. Онда мұсылманның отбасы өмір сүреді. Қашан ол өзінің жақындарының бірін зиярат кылатын болса, басқалары оларды көрмейді». (Әл-Бұхари, Мүслим).

Айша (р.а) Жәбрейіл (ғ.с) Пайғамбарға (с.ғ.с) былай деп айтты деп хабарлайды: «Хадишаға оның Жаратушысынан сәлем айт: тағы Ол оны Жұмақтағы інжумен әсемденген сарай туралы хабармен сүйіншілеуді бұйырды. Онда шу да, шаршау да болмайды». (Әл-Бұхари, Мүслим).

Анас (р.а) Пайғамбар (с.ғ.с) айтты деп әңгімелейді: «Мені Жәннатқа енгізді, сосын мен алтыннан соғылған. Сарайдың алдына келдім». Сонда мен сұрадым: «Бұл кімніңСарайы?» Маған жауап берілді: «Құрайштың бір баласынікі». Бұл мен шығармын деп ойладым да тағы сұрадым: «Сонда ол кім?» Маған айтты : «Омар Ибн әл Хаттаб» (Әл-Бухари, Муслим)

 

Related Post

Тігіншінің тәубесіТігіншінің тәубесі

Бір тігінші Алланың достарының бірінен: — Пайғамбарымыздың «Алла  тағала күнаһар құлының тәубесін, жаны алқымына келгенге дейін қабыл етеді» деген хадис шәрифі туралы не айтасыз?- деп сұрайды. Ол жауап бермей тұрып