76 жастағы велосаяхатшы Олжабай Смағұлов таңқаларлық велосаяхатты көздеп отыр. Ол өзінің екі доңғалақты арбасымен Қарағандыдан тұп-тура Саудия арабстаны және БАӘ – дегі қасиетті орындарға баруға шешім қабылдады.
Бұл қария ең алғашқы велосаяхатын 2003 жылы Қазақстаннан Түркіменстанға барып еді. Бүгінгі күнге келіп , атамыз тек қазақстанның барлық облыстарын ғана емес ТМД –ның барша елдерін аралап шықты. Кезектегі бағыт ұзақтау және күрделірек. Бірақ БАӘ үкіметі шарт қойды. Мемлекеттік шекарадан топ болып өтуі мүмкін. Сол үшін Олжабай ата «велохаж» сапарын іске асыру мақсатында қолдаушыларды іздестіруде. Олжабай ата, қасиетті орындарға велосипедтте барған, бірінші мұсылман болуына үміттенуде.