MEDRESE.KZ Ғибратнама Данышпан бағбан

Османлы патшаларынан бірі Анадолуда бір бағбанның ағаш егіп жатқанын көріп, сүйсінеді де оған:

— Ей ата! Жасыңыз болса да біразға келіпті, бұл ағаш еккеніңізден сізге не пайда? Босқа әуреге түсіп жатырсыз ғой?- дейді. Диқан былай деп жауап береді:

— Патшам! Біз аталарымыздың еккен ағаштарының жемістерін жедік. Енді балаларымыз да осы ағаштардың жемістерін жейді.

Бұл жауап патшаға ұнап, «Бәрекелді» дейді. Сол дәуірлерде патшаның бәрекелді деп айтқан адамдарына бір әмиян алтын беру әдет болған екен. Патша диқанға бір әмиян алтын бергізеді. Бұл әдетті ұнатқан диқан:
— Патшам, қараңыз ағаш қазірден бастап жемісін беріп жатыр,- дейді.

Бұл жауап та патшаға ұнап, тағы да «Бәрекелді» дейді. Екінші әмиянды да алған диқан мүмкіншілікті жібермеуге тырысып, бұл жолы:

— Патшам, бұл ағаш неткен берекелі ағаш, басқа ағаштар жылына бір рет өнім берсе, бұл ағаш екі рет жеміс берді,- дейді.

Бұл жауап та патшаға қатты ұнап, тағы да «Бәрекелді!» дейді. Сонымен үшінші әмиян алтынды алады.
Патшаның жанындағы уәзірі, бұл жерде тұрған сайын қаншама алтынның кетіп жатқанын байқап, дереу патшаны бір сылтаулармен ол жерден алып кетеді.

Related Post

Шыншылдықтың сыйыШыншылдықтың сыйы

XVI ғасырда Осман императоры билік жүргізетін аймақта, бай-бақуат бір саудагер сауда жасау мақсатымен, елінен жырақ жерге шығады. Ол жол бойында бес жүз алтын салынған қобдишасын жоғалтып алады. Қазынасының жартысына тең

Ең әдемі гүлЕң әдемі гүл

Баяғы өткен заманда бір қалашықта әлемнің ең сұлу қызы өмір сүріпті. Қыздың сұлулығы соншалық, оны көру үшін өте алыс шаһарлардан, елдерден өте бай, асқан көрікті, асыл текті жігіттер келеді екен.