MEDRESE.KZ Без категории,Ғибратнама,Жаңалықтар,Хабарландыру Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Әбдуғаппар Шәкірұлы ұстазымыз дүниеден өтті.

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Әбдуғаппар Шәкірұлы ұстазымыз дүниеден өтті.

Алла Тағала Әбдуғаппар ұстазымызды рақымына бөлеп, жәннатын нәсіп еткей. Артында қалған ағайын-жұрты мен отбасына Алладан көркем сабыр тілейміз. «Тас түскен жеріне ауыр» десе де бұл қайғылы хабар баршамызға ауыр тиді. Жаратқан Жаббар Иеміз алдынан жарылқап, нығметке бөленген құлдарының қатарына қоссын деп дұға етеміз. Алды пейіш болғай!

Сманов Әбдуғаппар Шәкірұлы

           Cманов Абдуғаппар Шәкірұлы 1970 жылы ақпан  айының 2-жұлдызында Шымкент облысы Сарыағаш ауданы, Ленин совхозында (қазіргі ОҚО Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылдық округі Ынтымақ елді-мекенінде) дүниеге келген.

Еңбек жолы:
1994 жылдан бастап «Таяқты Ешан» мешітінде бас имам болып, осы мешіт жанындағы «Убай ибн Кааб» медресесінде ұстаздық қызметін қатар атқарды;
2010 жылдан бастап «Сарыағаш» медресесі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды;
2016 жылы «Сарыағаш» медресе-колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды;
2016 жылы желтоқсан айынан бастап «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры лауазымын атқарды.

Бітірген оқу орны: Бекабат қаласындағы «Маърифат» медресесі 1990-1994ж.ж., Академиялық инновациялық университет 2012 ж.

Диплом бойынша мамандығы: Ислам діні маманы . Ағылшын тілі және араб тілі мен әдебиеті.

1970-2020

 

Related Post

Пісіп жетілген құрмаларПісіп жетілген құрмалар

Сахабалардан болған хазреті Әбу Дәрда (Алла ол кісіге разы болсын), таң атқанда ерте тұрып мешітке қарай жүгіретін. Намаз оқып болғаннан кейін оқылған Құран кәрімді рахаттанып тыңдап, мешіттен шығарда да ең