MEDRESE.KZ Жаңалықтар Туған жер

Сарыағаш медресе колледжінде белгілі тарихшы, шежіреші, публицист, Әлем Халықтары Жазушылары одағының және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Әлем Халықтары Жазушылары одағының ОҚО бас өкілі Момбек Әбдәкімұлымен студенттермен кездесу болып өтті.

Жазушы ағамыз іс-шара басталмас бұрын колледжіміздің оқу базасымен және кітапханасымен танысып шықты. Сондай-ақ қадірлі қонағымыз Момбек Әбдәкімұлына сөз берілді. Тарихшы ағамыз Сарыағаш қаласының тарихы жайлы және өткен тарихымызды, Тәуелсіздік жолындағы қиын-қыстау уақыттар жайлы сыр шертті. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, жазушы ағамыз барлық сұрақтарға студенттердің көңілін толтыра жауап берді. Жиын соңында колледж кітапханасының қорына өзінің еңбектерінен: «Зобалаң», «Қазығұрт ауданының тарихы», «Түркістан өлкесіндегі ойран» атты туындыларынан 2-3 данадан табыстады.
Колледжіміздің атынан ағамызға Аллаһтың кәләмі «Құрани Кәрім» және Пайғамбарымыздың өмір тарихы » Адамзаттың асыл тәжі» кітаптары табысталып, алғыс хат берілді.

Related Post

Сауабы мол ісСауабы мол іс

Бүгін Сарыағаш медресе колледжінің жанында салынып жатқан зәулім мешіт аумағында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Сауапты іске Тараз, Кентау, Түркістан, Шымкент және Жетісай қалаларынан асаршылар арнайы келді. Жасалған істің үлкен-кішісі болмайды.

Дәрет кітабыДәрет кітабы

Сұрақ: Фиқһ кітаптарының бірінші бөлімінің дәрет үкімдерімен басталуының сыры неде? Жауап: Себебі дәрет намаз оқу үшін орындалатын басты шарт (Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) хадисінде: «Дәрет- намаздың, намаз – жаннатың кілті»- делінген). Намаз –

Ғаламның Жаратушысының жалғыз дара екеніне сокральды мәтіндерден дәлелдерҒаламның Жаратушысының жалғыз дара екеніне сокральды мәтіндерден дәлелдер

Автор: Джанабаева Арайлым Абдрахмановна Аннотация:  Мақалада имам Абу Мансур әл Матуридидің «таухид кітабы» бойынша ғаламды жаратқан Жаратушы жалғыз яғни Дара екенідігін сокральды мәтіндер (нақыли) әрі рационалисттік  (ақыли) тұрғыдан дәлелдейтін боламыз.