Үш әйел себеттерін көтеріп базардан келе жатыр еді. Дем алу үшін жолдың шетіндегі орындыққа отырып өз балалары жайында сөз қозғады. Біріншісі тұрып: Менің балам өте ақылды тіпті ол екі қолымен азғантай уақыт жүре алады деді. Екінші әйел : менің баламның бұлбұлдай даусы бар, ол тақпақ айтқанда барлығы таң қалады деді. Ал үшінші әйел болса үн қатпастан олардың сөздеріңн тыңдап отырды. Әлгі екеуі одан сөйлемегенінің себебін сұрағанында ол: Менің баламның сіздерге айтып беретін бірде-бір ерекше артықшылығы жоқ. Алла берген бір бала деді. Бұл әйелдердің сөздерін  естіп келе жатқан бір қарт кісі бар еді. Әлгі әйелдер шаршап себеттерін жолдың ортасына қойып қойды.  Жүктерінің ауырлығынан ауырып қалған қолдарымен белдерін ұқалай бастады. Олардың балалары шауып жетіп келді. Бірінші әйелдің баласы аяғын аспанға көтеріп жүре жөнелді. Екінші әйелдің баласы бір үлкен тастың үстіне отыра қалып анасы жақсы көрген тақпақтарды айта бастады. Әлгі әйелдер оған әуес қойып оны мақтай бастады. Ал үшінші әйелдің баласы анасының жанына келіп: Анашым!  Мен сізге көмектесейін! Деді-де себетті ала кетті.

Әйелдер олардың артынан келе жатқан қария кісіден қайсымыздың баламыз тез деп сұрады.

Әлгі қария: Анасына жәрдем беруге асыққан бала ең ақылды, өйткені мұндай баланың қылған ісі  Аллаһ елшісі Мұхаммед с.а.у ның айтқан хадисіне тура келеді деді.

Пайғамбар с.а.у былай деген: «Ерлерге аналарына мейрімді болуларына бұйырамын.»

Өзбек тілінен аударған

Қасимов Нұрсұлтан

Related Post

Жоғалған байлық қиссасыЖоғалған байлық қиссасы

Бір күні кешке бір адам Имам Әбу Ханифа раҳматуллоҳи алайҳтың алдына келіп «Ей имам, біраз уақыттан бері байлығымды көміп, жасырып келмін, енді сол байлығымды қайда көмгенімді есіме түсіре алмай отырмын.

АшуланбаАшуланба

Бір күні пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір тайпаның көсемі келеді. Қайтарында: «Мырзам, маған бір насихат беріңіз!» деп сұрайды. Пайғамбарымыз алейһисалам оған: «Мұқият бол, Ашуланба!» дейді. Тайпаның көсемі бұл қысқа

Тігіншінің тәубесіТігіншінің тәубесі

Бір тігінші Алланың достарының бірінен: — Пайғамбарымыздың «Алла  тағала күнаһар құлының тәубесін, жаны алқымына келгенге дейін қабыл етеді» деген хадис шәрифі туралы не айтасыз?- деп сұрайды. Ол жауап бермей тұрып