MEDRESE.KZ Жаңалықтар Тамақ жеу әдебі

Ей менің мұсылман досым тамақтанудың бірнеше жағлайы болып сен оларға амал жаса. Сонда сенің денең қуатты ал ақыл парасатың мықты болады. Түрлі ауру дерттерден аманда боласын.  Мен саған айтып беретін төмендегі кеңестерім сені соған алып бармақ ин ша Алла.

  1. Пайғамбар с.а.у ға ілескен күйі тамақтанудан ең алдын екі қолыңды жу.
  2. Тамағыңды өз алдыңнан жегін. Өзгелер алдына қарама жәнеде қанағат қыл қажетіңнен артығын жеме.
  3.  Тамағыңды жеуден алдын  Аллаһтың есіңе алып «Бисмиллаһир-рохманир-рохим» деп айтып же. Ал жеп болсаң: “Алҳамду лиллаҳиллазий атъамани ҳаза ва розақониҳи мин ғойри ҳавлим минни вала қувваҳ” деп Аллаға шүкіршіліктер айт.
  4.  Өзің жаман көретін тағамды басқаларға жаман көрсетпе ол тағам жайында жеркенішті сөздерді айтпа.
  5.  Тағамың жақсы қорытылу үшін оны жақсылап шайна.
  6.  Аузыңды тамақпен толтырырма және аузыңда тамақ тола бола тұрып сөйлеме.
  7. Бір түрлі тағаммен шектел және асқазаныңды қатты толғанша тамақтанба. Егер солай жасасаң тағам қорытылуы қиын болады жәнеде кесел болуың мүмкін.
  8.  Әр жерде сатылатын оның тазалығы мен халалдығында күмәні бар тағамдар мен ішімдіктерді ішіп жеме.
  9.  Егер мектеп асханасында отырсаң бұзғыншылық қылмастан өз несібеңнен артығын жеме.
  10.  Егер асхана кызметшісінен  стакан, қасық немесе салфетка (қол сүрткіш) тағы бірнәрсе сұрамақ болсаң, кішіпейілділік танытып жай дауыспен сұра.
  11. Тамақтанып болған соң міндетті түрде қолдарыңды тістерің және аузыңның тазалығына мән бер.

 

                                                   Әңгіме

 Бір оқушы кесел болып қалды және оның кеселі күшейіп кетті. Сосын оны доктор келіп қараса тамақты және халуадан көп жегені мәлім болды. Сол тағамдардың нәтижесінде оның асқазаны ауырғаны белгілі болды. Доктор оның қолында ақша толған әмянды байқап оған:

–– Егер саған тағы осыншама ақша берсем әмяныңа сидыра аласың ба?-деді.

–– Оған оның ішіндігіден артық симайды.-деп жауап берді.

–– Күшпен сыйдыр.

–– Ол қымбат әмян жыртып алудан қорқамын.-деді.

Сонда доктор айтты:

–– Білгін ей балам сенің асқазаныңда осы әмян сияқты тойғаныңнан артығын жесең түрлі аурулармен дертке шалдығасын.

Өзбек тілінен аударған

Қасимов Нұрсұлтан

Related Post

Волейбол спортынан жарыс өттіВолейбол спортынан жарыс өтті

Сарыағаш Медресе Колледжінде шәкірттердің достығы мен ынтымақтастығын арттыру және жастар арасында спорттың волейбол түрін дамыту мақсатында жарыс өтті, Жарысқа дене шынықтыру пәні мұғалімдері Сатимов Нурпеис пен Асанов Бауыржан төрешелік етті.Жарыс