Әлия өзіне берік сенімді қыз еді. Әкесінен жетім қалғасын өзге қыздармен ара қатынасты үзді. Бау-бақшада жалғыз өзі жүріп ойнаушы еді.Көршілері кедей болғаны үшін, көршінің кенже  қызы Әсиямен сөйлескісі келмейтін. Күндердің күнінде Әсия Әлияның қасына жүгіріп келіп оған: Әкем қатты науқас, мүмкін соңғы демі алып жатқан шығар, әкем сені соңғы рет көргісі келеді  деді. Бұл жерде өте қажетті іс бар екен саған соны айтамын деп жатыр. Әлия мұрнын шүйіріп : Кедейдің маған айтпақ болған қандай шұғыл сөзі бар екен? Қандай жағдайда да мен сендердің үйлеріңіе кірмеймін. Себебі үйлеріңнен шығатын иістен шыдай алмаймын. Бірнеше минуттан кейін Әсия жылап оның алдына қайта келді де: Әкемнің саған айтпақ болған шұғыл хабары, сенің әкең өмірден өтерде бір жерге алтын көміп қойғанын, ол көмілген жерді менің әкеме ғана айтқанын айтыпты. Қазір әкем өлім төсегінде, әкем саған сол алтын көмілген жерді айтамын деп күтіп жатыр деді. Бұл сөзді есіткен Әлия  кедей Әсияның үйіне алып ұшып барды, бірақ кеш болған еді. Себебі ол кісі жанын өз иесіне тапсырып қойған болатын. Әлия өзіне қатты ашуы келіп ызадан булығып жылап жіберді. Бірақ бұл алтын өр көкірек Әлияға тиесілі еді. Егер ол өзінің бұл жаман мінез құлқынан арылмаса алтыны  сияқты жаннатыда жоғалтқан болар еді.

Пайғамбарымыз с.а.у кібір жайында былай дейді:

Көңілінде мысқылдай кібір болған адам жаннатқа кірмейді. (Муслим)

Related Post

ЛұқмаЛұқма

Али жақсы бала. Әкесі бай дәулетті болғаны үшін оның барлық жағдайын жасап қойған. Өкініштісі Али кедей кепшіктер қандай халде өмір сүретінін білмейтін.