MEDRESE.KZ Ғибратнама Жоғалған байлық қиссасы

Бір күні кешке бір адам Имам Әбу Ханифа раҳматуллоҳи алайҳтың алдына келіп «Ей имам, біраз уақыттан бері байлығымды көміп, жасырып келмін, енді сол байлығымды қайда көмгенімді есіме түсіре алмай отырмын. Осы тығырықтан шығуға маған көмек бере аласыз ба?» деп сұрады. Имам  оған: «Бұл фақиһтардың ісі емес. Мен бұл тығырықты қалай шешіп берейін?!» — дейді де, кейін оған «Үйіңе барып, таң атқанша намаз оқы, Аллаһ қаласа  дүниеңді көмген жерің есіңе түседі» деп ұсыныс береді.

Әлгі адам үйіне келіп , намаз оқи бастайды. Аз уақыттың ішінде намаз оқып тұрғанда байлығын көмген жер есіне түседі. Намазын бітіріп байлығын көмген жерге барып ашып алады.

Таң атқасын, Абу Ханифаның алдына келіп, дүниесін тапқанын айтып, рахмет айтып ризашылығын білдіреді және сұрады: «Көмген орнымды есіме түсуін қайдан білдіңіз?» Имам былай деп жауап береді: «Сен намазға кіргеніңде шайтан сені сені еш уақытта тастамайды және сені намаздан жаңылыстыру үшін түрлі тәсілдермен азғырады, соның ішінде байлығың көмілген орынды да есіңе түсіруін білдім»

Related Post

ЛұқмаЛұқма

Али жақсы бала. Әкесі бай дәулетті болғаны үшін оның барлық жағдайын жасап қойған. Өкініштісі Али кедей кепшіктер қандай халде өмір сүретінін білмейтін.

ТікенТікен

Өткен заманда бір жігіт болған екен. Күндердің күнінде есігінің алдына дән егіпті. Арадан бір шама уақыт өткесін  әлгі дән өніп шықты. Жігіт ұрыққа әлсін — әлсін су құйып тұрады. Бірақ