MEDRESE.KZ Жаңалықтар Әскерилер арасында Құран оқудан жарыс өткізілмек

Әскерилер арасында Құран оқудан жарыс өткізілмек

Тегеран мұсылман мемлекетінде әскери қызметкерлер арасында қасиетті Құран кәрімнен жарыс өткелі жатыр. SalamNews сайтының хабарлауынша жарысты ұйымдастырушы Иранның Жоғарғы Кеңес мәдениетінің бастамасы.

Жарыста 80 ге жуық әскери қызметкерлері, 21 ислам мемлекетінен, соның ішінде Судан, Палестин, Бангладеш, Оман, Иордания, Индонезия, Босния, Мали, Пәкістан, Ирак, Алжир, Сирия, Ауғаныстан мемлекеттері бар.

Жарыс мына номинациялар бойынша өтеді: Құран оқу, Құранды жатқа білу (Хафиздер арасында)

Жарысты өткізудегі мақсат әскери қызметкерлер арасында құранның құндылығын кеңінен тарату. Мұндай іс шараны жыл сайын өткізу көзделіп отыр.

Related Post

«Рамазан аруы 2019»«Рамазан аруы 2019»

ҚМДБ-ның Алматы облысы Алматы аймағы бойынша өкілі, Қарасай батыр мешітінің бас имамы Қуаныш Наржановтың қолдауымен әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен 3 айға созылған арулар сайысы бүгін өз жеңімпаздарын анықтады!