MEDRESE.KZ Жаңалықтар Келелі кездесу

Бүгін ОҚО Сарыағаш ауданы, Жарты төбе а/о Ынтымық ауылында орналасқан  «Сарыағаш медресе колледжіне» іс сапарымен ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбек келіп кетті.

Өзінің жүріп өткен өнегелі өміріменен шәкірттер арасында бөлісіп жарасымды сұхбат өткізді. Білім алудың қаншалықты маңызды екенін, және де сол жолда бірнеше қиыншылықтарға төзім еткенде ғана үлкен жетістіктерге жету мүмкін болатындығын айтып өтті. Биылғы бітіруші түлектерге қаншама аудан, ауылдарда білікті кадрлардың тапшы екендігіне байланысты алған білімдеріне сай қызмет атқаруларын ұсынды. Ал, оқуды жалғастырып үлкен белестерді бағындырмақшы болған ілім ізденушілерге жол сілтеп жәрдем беруге дайын екендігін тілге тиек етті. Сөз соңын «Кімде-кім Алла разылығы үшін білім алып қызмет қылатын болса, екі дүниеде жүзі жарық құлдардан болады» — деп аяқтады.

Сарыағаш медресе колледжі баспасөз қызметі 

www.medrese.kz

 

IMG_5134IMG_5126

Related Post

Ай сайынғы шәкіртақы 71 студентке табысталды.Ай сайынғы шәкіртақы 71 студентке табысталды.

2021-2022 оқу жылы Сарыағаш медресе колледжінің ақылы негізінде білім алып жатқан студенттердің үздіктеріне, колледж құрылтайшысы тарапынан тағайындалған, ай сайынғы шәкіртақы 71 студентке табысталды. Жиналыс барысында директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары

⚜️Ұлттық мереке ұлықталды!⚜️Ұлттық мереке ұлықталды!

🔰25-қазан “Республика күніне” орай Сарыағаш медресе колледжінің 1-4 курс студенттері және медресе ұстаздары ашық аспан астында сап түзеп мемлекеттік әнұранды орындады. 🔰Салтанатты сап түзеу жиынында медресе колледжіміздің директоры Сманов Дінмұхаммет

ТЕРОРИЗМ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТТЕРОРИЗМ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

14.02.2022. күні Сарыағаш медресе колледжінде 13-11-91 тобының қатысуымен жоспарға сай «Терроризм және интернет» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелді арнайы пән мұғалімі Нашуран Айбек ұстаз жүргізіп, басты пікірталастар терроризмді