Кеше 25 қаңтар күні сағат таңғы 6.30 да Стамбулдағы тарихи жәдігерлердің бірі, Қажы Мустафа –паша мешітінде өрт шықты деп хабарлайды Sozcu.com сайты.
Алдымен өршіген отты мешіт имамы көріп қалып өрт сөндірушілерге хабар беруге асықты.
Алайда оқиға болған жерге өрт сөндірушілер тобы келгенше тілсіз жау көрші мешіттерді отқа орап үлгерді. Абыржыған халықтың біразы отты сөндіріп, қалғаны мешіт терезелерін сындырып ғимарат ішін түтіннен тазартты.
Бастысы адам шығыны жоқ, ғимарат біраз зардап шегіп, имамның үйі және су бұрқағы (фонтан) жарамсыз халге жетті.
Полиция өрттің шығу себебін тергеуді бастады