MEDRESE.KZ Ғибратнама Балаларға құранды және сүннетті үйрету

Балаларға құранды және сүннетті үйрету

Белгілі болғандай құран кәрім адам перзентіне Алланың сөзі ретінде екі дүние бақытын көрсетіп беруші кітап. Солай екен ата-ана өз перзенттері кемелдікте өсулері үшін ең алдымен осы ұлы кітәпті өз перзенттеріне үйретуі қажет. Және де перзенттер мықты момын мұсылман болып өсуі үшін құранның орны бөлек. Ең әуел айтып кететін жайыт құран кәрім перзетке үйретілуі керек болған ең әуелгі ілім. Адам баласын Раббысына жақындататын ең маңызды нәрсе ол құранды толық үйреніп оған амал жасау. Мұнымен қоса Алланың сөзін үйрету және пайғамбарымыздың с.а.у хадистерін ұқтыру өте үлкен сауапты іс болмақ. Тіпті Алланың кәләмін үйренуге және де пайғамбарымыз с.а.у ның сүннетін үйренуге Аллада оның сүйікті  пайғамбары с.а.у да қатты қызықтырған. Оның мысалы ретінде Алла құранда өзінің аяттарын үйреніп оған амал етуге шақырған мына аятты айтсақ болады:

«Ешбір адам үшін, Алла оған кітап, даналық ілім және пайғамбарлық бергеннен кейін, (дандайсып) адамдарға: «Алла емес, маған ғибадат етіңдер»-деуі дұрыс емес, бірақ олар үшін : «(Аллаһтың) Кітабын (адамдарға) үйретіп және өздерің оқып, үйреніп, Жалғыз Раббыларыңа ғибадат ететіндерден болыңдар »(деуі керек). ( Әл имран 72)

«Ол өзі қалағандарға хикмет (пайдалы білім-даналық)  береді. Кімге хикмет берілген болса, демек, оған көп жақсылық берілгені анық. Уағыз ескертулерді тек ақыл иелері ғана алады. (Бақара 269).

«Құранды тәртіппен (яғни дана-дана етіп анықтап) оқы. (Муззаммил 4).

«Расында, сендерге Аллаһ тарапынан Нур және анық Кітап келді. Аллаһ ол арқылы Өзінің ризалығына ілескендерді амандық жолдарына салады және өз нұсқауымен оларды қараңғылықтардан нұрға шығарады әрі оларды Тура жолға салады».  (Маида 15-16).

 

Жоғарыдағы келтірілген аяттарға назар салатын болсақ , Раббымыз бізге құранды үйреніп оған амал етуге бұйырып жатыр. Өйткені ол құран біздерді тұра жолға салатын жарқыраған жарық нұр екенін баяндайды. Пайғамбарымыз с.а.у да көптеп хадис шәрифтерде құранды үйреніп және оны басқа момындарға үйретудің сауабы өте үлкен екендігін айтып өткен. Осы орында сол хадистердің кейбіреулерімен танысып өтейік.

 

Набий с.а.у былай дейді: « Сіздердің ең жақсыларыңыз құранды үйреніп басқаларға үйреткендеріңіз ».

Басқа бір риуаятта болса : « Сіздердің ең абзалдарыңыз құранды үйреніп оны басқаларға үйреткендеріңіз »-дейді. Екі хадисті де Бұхариде риуаят етілген.

Тағы басқа бір риуаятта « Құранды оқып, оған амал еткен момынның мысалы апельсин сияқты. Дәмі де, иісіде тәтті». Бұхари риуаят еткен.

Жоғарыдағы риуаяттарда көрініп тұрғанындай құранды ең әуел өзі оқып кейін оны басқаларға үйрету ең жақсы және де ең абзал сауапты іс екен. Ал ата-анаға болса құранды өздері үйреніп кейін оны үйретуге ең лайық адам перзенттері емес пе? Бұл істерімен ата-ана адамзаттың ең абзал заттарына айналады және де, перзенттеріне ең ұлы болған ілімді үйретпек. Тура бір хадисте айтқанындай өздері де және перзенттері де тура бір апельсин сияқты иәсә де дәмі де шырын болмақ.

Перзенттерімізге құранды үйретумен қатар Расулуллаһтың с.а.у да сүннеттерін үйретіп отыруымыз ата-анадан талап етілген іс болмақ. Өйткені әрбір момын Аллаһты және оның Расулін жақсы көруін айтады. Ал бұл сөзді растау үшін тек қана Пайғамбар с.а.у ның жолымен жүрумен ғана болмақ. Аллаһ тағала құрани кәримде мархамет етіп былай дейді: «Айт:(ей Мұхаммед) « Егер Аллаһты сүйсеңіз маған ілесіңіз. Сонда Аллаһ сіздерді сүйеді және күнәләріңізді кешіреді. Аллаһ кешіруші және рахымды». (Ал имран 31).

Расулуллаһ с.а.у ға ілесу үшін ол кісінің сүннетін және хадистерін үйреніп амал етуі қажет болады. Ол кісіге ілесудің мұнан басқа жолы жоқ. Енді құрметті ата-аналар Пайғамбарымыз с.а.у ның жолын, сүннеттерін, ахлақын, мінез хұлқын әуелі өзіміз үйреніп кейін перзенттерімізге үйретейік.

Перзенттерімізді Пайғамбарымыз с.а.у ның  мінез хұлықтарымен сипаттандырайық. Өйткені Пайғамбарымыз с.а.у ның мінезі құран еді.

Аллаһтың кәләмін Пайғамбарымыз с.а.у сүннетін ең әуелі өзімізге сосын перзенттерімізге сіңіруде Ұлы Раббымыз өзі жар болсын. Әмин!

Related Post

ЛұқмаЛұқма

Али жақсы бала. Әкесі бай дәулетті болғаны үшін оның барлық жағдайын жасап қойған. Өкініштісі Али кедей кепшіктер қандай халде өмір сүретінін білмейтін.