MEDRESE.KZ Жаңалықтар 1 мамыр Бірлік күні!

Дінаралық және ұлтаралық түсіністік – Ислам дінінің негізгі жолының бірі. Алла тағала Құран Кәрімде «Сіздерді біз бір атадан, бір анадан жараттық, бір-біріңмен танысып, білісу үшін түрлі ұлттарға, руларға бөлдік» дейді.

Барша мұсылман бір-біріне туыс, бауыр. Сонымен қатар, көршімен және басқа да діндегілермен өзара қарым-қатынас сияқты мәселелердің жол-жобасы бізге белгіленіп берілген.

Қасиетті кітабымыз Құранда бірлік туралы көп жерде баяндалған. Соңғы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде де адамзаттың ауызбіршілігі уағыздалған. Алла Тағала «Әли Имран» сүресінде: «…Бөлінбеңдер», – деп бұйырған.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «…Көпшілікпен бірге болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар», – деп өсиет еткен. Дін ғұламалары қашан да барша адам баласын мейірімділікке, ортақ мақсатқа үндеген. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да өз кезегінде жамағатты әркез бірлікке шақырып, жақсылыққа үндеп келеді.

Related Post

Пісіп жетілген құрмаларПісіп жетілген құрмалар

Сахабалардан болған хазреті Әбу Дәрда (Алла ол кісіге разы болсын), таң атқанда ерте тұрып мешітке қарай жүгіретін. Намаз оқып болғаннан кейін оқылған Құран кәрімді рахаттанып тыңдап, мешіттен шығарда да ең

⚜️Күні кеше Сарыағаш медресе колледжіне қарасты Сатыбалды Әбішұлы атындағы ислам орталығында шәкірттерге сәрсенбілік уағыз-насихат айтылды.⚜️Күні кеше Сарыағаш медресе колледжіне қарасты Сатыбалды Әбішұлы атындағы ислам орталығында шәкірттерге сәрсенбілік уағыз-насихат айтылды.

🔰Уағызды “Истиғфар және тақуалық”тақырыбында жүргізген Төребеков Нұралы ұстаз шәкірттерге Құран аяттарынан хадис шәрифтерінен мысалдарымен бөлісті Шәкірттер тақырып аясында сұрақтарын қойып Ұстаздан жауап алды. 🔰Тақуалық жолында белді бекем буған ұрпағымыз көп