MEDRESE.KZ Жаңалықтар Пітір садақасы

С: Пітір садақаның үкімі не?

Ж: Пітір садақа беру күнделікті қажетінен артық, яғни тұратын жайынан, киім-кешегінен, үйіндегі тұрмыстық құрал-саймандардан, көлігінен, арттырған байлығы нисапқа жететін бостандықтағы, мұсылманға парыз.

С: Пітір садақаны ккім береді?

Ж: Әр бір мұсылман пітір садақаны өзі үшін, жас балалары үшін және өзге дін өкілдері болса да, қол астындағы  қызметкерлері үшін береді.

С: Балиғатқа жетпеген жас баласы үшін, баласының мал- мүлкінен бере ме, немесе өзінің жанынан бере ме?

Ж: Баланың дәулеті болса содан береді, болмаған жағдайда өзінің қалтасынан береді.

С: Ер кісі әйелі мен балиғатқа жеткен үлкен перзенттері үшін пітір садақа беруі тиіс пе?

Ж: Оның қарамағында болмағанымен де олар үшін өз жанынан беруге тиіс емес. Дегенмен, бергенні жақсы.

С: Пітір садақа беру қашан уәжіп саналды?

Ж: Ол садақа пітір күнінің таңы атқанда – уәжіп.

С: Оның  мұстахаб уақыты барма?

Ж: Иә, пітірді айт намазына дейін беру мұстахаб саналады.

С: Пітір белгіленген күнінен бұрын берудің үкімі қалай?

Ж: Ол да болады.

С: Пітір күнінен кешіктірсе қалай?

Ж: Пітір айт намазынан кешігіп, пітір садақаны бере алмаса оның садақасы мойнына түспейді. Міндетті түрде беруі керек.

С: Пітір садақа кімге беріледі?

Ж: Байлығы нисапқа жетпейтін  міскіндерге беріледі.

С: Берудің сауабы қандай?

Ж: Әбу Дауд Абдулла бин Аббастан (р.а) риуаят екен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у) : «Пітір садақа ұсталған оразаны, сол күндері біліп- білмей айтылған жаман сөздерден  тазалау үшін міскіндерге  тағам ретінде беріледі»,- дейді.

С: Пітір садақаның мөлшері қанша?

Ж: Пітір садақаның мөлшері бидайдан жарты «саа» , арпадан бір «саа».

(1-саа , 3кг 600гр тең келеді)

С: Бұлардан басқа нәрселерден, мысалы: дирһамнан, ақшадан, жүгеріден, күріштен пітір берудің үкімі қандай?

Ж: Бұлардың құнынан да беріледі. Бидай, құрма, мейіз, арпадана басқасынан кем дегенде осылардың бірінің құнымен  пітір садақа беруді ниет етсе болғаны.

Related Post

Ұстаз – ұлағатты есімҰстаз – ұлағатты есім

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда ұстаздың еңбегі зор. Олай дейтініміз, ел билеген парасатты патшаның да, дүлдүл ақынның да, ержүрек

ТАЗАЛЫҚ — ИМАННЫҢ ЖАРТЫСЫ!ТАЗАЛЫҚ — ИМАННЫҢ ЖАРТЫСЫ!

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала – жомарт, жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла Тағала – таза, тазаланғандарды жақсы көреді. Сондықтан, үйлеріңіздің маңайын таза ұстаңыздар»[13] – деп біздерге

⚜️Шымкент қаласы бас имамының орынбасары шәкірттермен кездесті⚜️Шымкент қаласы бас имамының орынбасары шәкірттермен кездесті

🔰Бүгін Шымкент қалалық бас имамының орынбасары Мұхаммеджан Естеміров “Сарыағаш-медресе” колледжінің бітіруші түлектерімен кездесті. 🔰Жиналыс барысында түлектерді елге, дінге қызмет жасауға шақырып, діни маманның барлық өңірге қажет екенін, сонымен қатар халыққа