MEDRESE.KZ Жаңалықтар ⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжіне ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің белсенді мүшесі, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директорының орынбасары, қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Төреәлі Еділбайұлы Қыдыр ұстаз арнайы іс-сапармен келді.

⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжіне ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің белсенді мүшесі, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директорының орынбасары, қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Төреәлі Еділбайұлы Қыдыр ұстаз арнайы іс-сапармен келді.

🔰Іс-сапар барысында Төреәлі Қыдыр ұстаз шәкірттермен кездесіп, Сатыбалды Әбішұлы атындағы ислам орталығында уағыз-насихат жүргізді.

🔰Жиналған шәкірттерге әдеби кітаптардың берер пайдасына тоқталып көбірек оқуға кеңес етті.

🔰Сонымен қатар Төреәлі Ұстаз ханафи мәзһабының өміршеңдігі жайлы және ата-ананың арқалаған үмітін ақтау жолындағы перзенттік борыштары, шәкірттік міндеттері жайында да сүбелі сөз қозғалды.

🔰Айтылған мағыналы уағыз бойынша шәкірттер толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

🔰Алтын уақытын бөліп, медресе шәкірттеріне құнды дүниелермен бөліскен Ұстаз Төреәлі Еділбайұлына өз алғысымызды білдіреміз!

Related Post

Меккеде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) ның мұражай ашылдыМеккеде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) ның мұражай ашылды

            Қасиетті Мекке қаласында барлық иман келтіргендер үшін мұражай ашылды. Бұл мәдени іс шара Пайғамбарымыз с.а.у өмір сүрген кезеңін халыққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылды.Мұражайда соңғы замауи

Әділбаев Алау Шайқымұлы «Сатыбалды Әбішұлы» мешітінде Жұма уағызын жүргізедіӘділбаев Алау Шайқымұлы «Сатыбалды Әбішұлы» мешітінде Жұма уағызын жүргізеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғұламалар кеңесінің мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, PhD доктор, дінтанушы-теолог Әділбаев Алау Шайқымұлы «Сатыбалды Әбішұлы» мешітінде Жұма уағызын жүргізеді