MEDRESE.KZ Ғибратнама Шыншылдықтың сыйы

XVI ғасырда Осман императоры билік жүргізетін аймақта, бай-бақуат бір саудагер сауда жасау мақсатымен, елінен жырақ жерге шығады. Ол жол бойында бес жүз алтын салынған қобдишасын жоғалтып алады. Қазынасының жартысына тең келетін байлығынан айырылғанына бай қатты қиналады. Ол материалдық әрі рухани жағынан да күйзеліске ұшырайды.

Ол амалы таусылған соң, кімде-кім қобдишамды тауып әкелетін болса, 100 алтын беретіндігін айтып жарияға жар салады. Арадан көп уақыт өтпей-ақ қобдишасын бір адам алып келеді.

Бай саудагер қобдишасының табылғанына катты қуанады. Бірак 100 алтын беремін деген уәдесінен таюдың жолын іздеп әуреге түседі. Бір жағынан куанып, енді бір жағынан сыйлык бермеудің амалын таппай дал болды. Ол табылған кобдишаны ашып біртіндеп санай бастады. Санап жатып, неше түрлі арам ойларға барды. Ақыры қобдишаны тауып келген адамға бұрылып былай деді:

–     Ей, достым! Мына қобдишада 600 жүз алтын бар болатын. Ал мұнда 500 алтын ғана. Демек, сен менің сыйға берем деген 100 алтынды алып койыпсың, сондықтан уәде осымен тамам.

Бұл сөздер оның тапқан айласы болатын. Өйткені қобдишадағы бар болғаны 500 алтын еді. Алтынды тауып алған ары таза адам, қобдишаның аузын да ашпағандығын айтып ант ішкендігінің ешқандай пайдасы болмайды. Оның мұндай сараңдығы мен уәдеден тайғандығына төзе алмай, істі сотқа береді.

Қазы екі жақты да мұқият тыңдайды. Алтынды тауып алғанды да жақсылап тұрып сұрақтың астына алып тергейді. Қазыға саудагердің көзі ұнамайды. Оның әрекеттерінен бәрін күтуге болатындай еді. Ал алтынды тапқан адамның пәктігі мен шыншылдығы байқалып тұрды.

Қазы қобдишаны қолына алып тұрып алтынды тауып алған адамға:

–     Сен, мына 500 алтынды ал. Осы алтынды жоғалтып алған адам шыққанша ие бол, — дейді. Ал саудагерге:

–     Сен 600 алтын салынған қобдиша табылғанға дейін күт. Біз қазір бұдан басқа ешқандай амал істей алмаймыз, — деп қайтарады.

Осылайша 100 алтынын қимаған сараң адам барлық ақшасынан айырылып тынады. Ал тапқан адам шыншылдығының сыйын артығымен көреді.

Related Post

АшуланбаАшуланба

Бір күні пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір тайпаның көсемі келеді. Қайтарында: «Мырзам, маған бір насихат беріңіз!» деп сұрайды. Пайғамбарымыз алейһисалам оған: «Мұқият бол, Ашуланба!» дейді. Тайпаның көсемі бұл қысқа

Ең әдемі гүлЕң әдемі гүл

Баяғы өткен заманда бір қалашықта әлемнің ең сұлу қызы өмір сүріпті. Қыздың сұлулығы соншалық, оны көру үшін өте алыс шаһарлардан, елдерден өте бай, асқан көрікті, асыл текті жігіттер келеді екен.

Діни сауат ашу курсыДіни сауат ашу курсы

Бисмилләһир рахманир рахим. Әссәләму алейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһу! Сарыағаш медресе колледжінің жанында ашылған «діни сауат ашу» курсына шақырамыз.(Ер адамдар үшін) Келушілер назарына!!! Құжаттар тізімі: 1.Төлқұжаттың түп нұсқасы және көшірмесі