🔰1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР — нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады.
2022 жылы Мемлекет басшысы, Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мерекеміз 25 — қазан “Республика күні” деп қайта жаңғыртты! Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркендей берсін!
🔰Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбегіміз табысты, барлық бастамаларымызға сәттілік, ертеңімізге сенімділік тілеймін! Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай берсін!
🔰Аталмыш челледжді еліміздің барша жастарына,ұстаздарына, волонтерлық ұйымдарының көшбасшылары мен студенттеріне және барлық белсенді жастарға жолдаймын.