MEDRESE.KZ Жаңалықтар ⚜️Өмірдегі басты мамандық, ол әрине, ұстаз. Өйткені, ұстаз барлық мамандарды тәрбиелейді, бәріне білім береді.

⚜️Өмірдегі басты мамандық, ол әрине, ұстаз. Өйткені, ұстаз барлық мамандарды тәрбиелейді, бәріне білім береді.

🔰Адамзат баласына тән қасиеттерді, сұлулық пен сүйіспеншілікті, адалдық пен адамдықты, мейірім мен махаббатты бар бойына сіңіре білген ұстаздарымызға қанша алғыс айтып, құрмет көрсетсек те артықтық етпес.

🔰Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан медресе-колледж ұстаздарына қаржылай сыйақы табысталды. Колледж басшысы Дінмұхамед Абдужаппарұлы ұлағатты ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады!

🔰Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға- деп, Абай Құнанбайұлы ұстаздық мәртебе әр қашанда жоғары екендігін дәріптеген.
Ұстазға құрмет қашанда адамзатқа міндет!

Related Post

Қадір түні – берекелі Рамазан айында келетін қасиетті түн.Қадір түні – берекелі Рамазан айында келетін қасиетті түн.

Қадір түні – берекелі Рамазан айында келетін қасиетті түн. Рамазан айының соңғы он түні мұсылман үшін өте маңызды. Себебі Қадір түнінде қасиетті Құран Кәрім түсе бастады. Сондықтан Ислам дінінде бұл