MEDRESE.KZ Жаңалықтар ХАЗІРЕТІ БАС МҮФТИ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІНДЕ:

ХАЗІРЕТІ БАС МҮФТИ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІНДЕ:

адірлі қауым!

Сіздерді күллі мұсылман баласының ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын, ардақты ағайын! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін. Алла Тағала бәріміздің мерейімізді үстем етсін!

Ораза айт – сый мен сияпатқа, құрмет пен нығметке, шексіз сауапқа бөленетін сәт.

Алла Тағала: «Мен парыз еткен оразаны пенделерiм өтеп, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн…» дейді. Жаратушы Жаббар Иеміз баршамызды екі дүние қуанышы мен нығметіне бөлегей.

Ораза айт мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ пен береке, бірлік пен татулық тілеймін. Алла Тағала сіз бен бізді келесі Рамазанға дейін аман-есен жеткізіп, мол сауапқа кенелуді нәсіп еткей. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әмин!-деп барша қауымға дұға етті.

Related Post

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫСАЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

Колледж студенттеріне «Салауатты өмір салтын» насихаттау мақсатында, Саманов Шәкір Ешан атындағы спорт кешенінде I-курс студенттері арасында үстел теннисінен спорттық сайыс болып өтті. Қазіргі таңда үстел теннисі студенттер мен жасөспірімдер арасында