MEDRESE.KZ Жаңалықтар Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреті болды.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреті болды.

ездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қасиетті Рамазан айына орай еліміздің барша мұсылмандарына ізгі тілегін жолдады.

Мемлекет басшысына Рамазан айында еліміздің әрбір аймағында ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық шаралар жөнінде мәлімет берді.

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамда дәстүрлі ислам дінін кеңінен дәріптеу және ел игілігі мен бірлігі жолында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады.

Діни басқарма осы жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялады. Оның аясында жыл бойы бірқатар маңызды іс-шара ұйымдастырылады. Сондай-ақ ұлттық салт-сананы жаңғырту, дәстүрлі исламға басымдық беру үшін алдағы уақытта бірқатар жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Мемлекет басшысы мүфтияттың бастамаларына қолдау білдіріп, халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу маңызды екенін айтты.

Related Post

Ұстаздықтың өшпес мәңгі шамшырағыҰстаздықтың өшпес мәңгі шамшырағы

Сарыағаш медресе колледжі қыздар бөлімінде, республикамыз бойынша діни оқу орындарының әйел ұстаздары арасында «Ұстаздықтың өшпес мәңгі шамшырағы» атты конференциясы болып өтті.